Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні



Бұл атаулы күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылған күні ретінде атап өтіледі. 1948 жылы құрылғаннан бері әлемнің екі жүзге жуық мемлекеті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше болып отыр.
Денсаулық күнін жыл сайын өткізу 1950 жылдан бастап дәстүрге айналды. Бұл күн адамдардың өз өмірлерінде денсаулықтың мәні қаншалықты екенін түсініп, бүкіл әлемде адамдар денсаулығын жақсарта түсу мақсатында тиісті шешім қабылдаулары үшін өткізіледі. Жүрек-қан тамыр, респираторлық аурулары мен қант диабеті әлемдегі барлық өлім-жітімнің 71%-ін құрайды. Мамандар бұл аурулардың алдын алу көп жағдайда адамның өзіне байланысты дейді. Әр адам салауатты өмір салты, спорт, дұрыс тамақтану қағидаларын берік ұстанғаны абзал. Сондайақ дәрігерге уақытында қаралу, үнемі медициналық тексерістен өту және дәрігер кеңесіне құлақ асқан орынды. Сондай-ақ ауданның денсаулық сақтау саласының қызметкерлері бүгінгі жұмыс күнін бірдей бір уақытта таңғы жаттығумен бастады.
08 сәуір 2023 ж. 536 0