№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дені сау жас – ел болашағы

Дені сау жас – ел болашағы


Жыл сайын бүкіл әлемде тамыздың бірінші аптасында Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру апталығы өтеді. Биыл осы дәстүрлі мерекеде ана сүтімен қоректендірудің маңыздылығы мен қажеттілігі жөнінде аудандық емханада мамандар кеңесі тыңдалды.


Шарада көпшілікке ана сүті ау­рудың алдын алудың тиімді құралы екені айтылып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес, баланы алты айға толғанға дейін тек ана сүтімен тамақтандыру керек. Алты айдан кейін қосымша тағамдарды енгізуді бастауға болады. Ана сүтімен емізуді екі жылға дейін немесе одан да көп уақытқа дейін жалғастыру ұсынылады.
Ана сүті дүниеге жаңа келген, өмір сүруге бейімделмеген сәбидің ағзасына толықтай сай келетін жалғыз өнім. Оның орнын ешбір малдың сүті, ешбір жасанды қоспа алмастыра алмайды. Себебі оның құрамында нәрестеге қажет барлық зат бар. Бала емізудің тағы қандай пайдасы бар екенін аудандық емханада өткен шеберлік сағатында бала дамыту кабинеті­нің мейірбикесі Зағира Әбубәкірова түсіндіріп өтті.
Осы апталық аясында «Дені сау жас – ел болашағы» акциясы өтті. Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық ауруханасында және кент орталығындағы «Нұр» базарында 18-29 жас аралығындағы жастарға профилактикалық қарап-тексерулер акциясы жалғасын тапты.
Бұл шараның мақсаты – жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Жақсы әдеттерді бойына сіңіріп, зиянды әдеттерден сақтандыру.
"Дені сау жас – ел болашағы" ұранымен өткен бұл акцияда жастардың медицина мамандарынан (жалпы тәжірибелік дәрігер, окулист, эндокринолог, гинеколог, психолог, стоматолог) кеңес алуға, скринингтік тексерулерден тіркеусіз өтуге мүмкіндіктері болды.
Психологтан жеке кеңестер алып, ЖДО, СӨСҚ кабинетінен пайдалы бейнероликтер көріп, ақпараттар алмасып, тақырыптық үнпарақшалар таратылды.

Мақпал МАРҚАБАЙ
22 қыркүйек 2024 ж. 526 0