Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Атырауда университеттің жатақханасы опырылып құлап түсті

Атырауда университеттің жатақханасы опырылып құлап түсті

Фото: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Бүгін 22 сәуір күні Хәлел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің апатты деп танылған жатақханасының бір бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайды sadaq.kz сайты Qaz365.kz-ке сілтеме жасап. 
Бұл туралы Жоғары оқу орнының баспасөз қызметі жатақхананың құлап қалғанын растап, мәлімдеме жасады.
“Университеттің шаруашылық бөлімі 2022 жылдың қараша айында № 2 жатақханадағы 1-қабатының қабырғасында ақаудың пайда болғанын анықтады. Осы жағдай анықталған соң мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жатақхананың техникалық қауіпсіздігіне сараптама жүргізуге конкурс жарияланды. 2023 жылғы 21 ақпандағы № 138 келісімшартқа сәйкес «PFA compani» ЖШС техникалық зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ғимараттың апатты жағдайда екені расталды. Студенттердің бәрі басқа жатақханаларға көшіріліп, орналастырылды. Апатты деп танылған № 2 жатақхана айналасы қоршалған. Жатақхананың құлағанынан ешкім зардап шеккен жоқ”, — деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.
23 сәуір 2025 ж. 334 0