Соңғы жаңалықтар

№33 (8847) 6

06 мамыр 2025 ж.

№32 (8846) 30

30 сәуір 2025 ж.

№31 (8845) 29

29 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Еврохаттама

2024 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап сақтандыру жағдайларын жеңілдетілген тәртіппен реттеу, яғни - Еурохаттама рәсімі енгізілген.
            «Еврохаттама» пайдаланушыға жол полициясының қатысуынсыз, кінәлі мен залал мөлшері айқын болған ауыр емес апаттар жағдайында ЖКО ресімдеу мүмкіндігін береді. Қосымшаны App Store немесе Google Play дүкенінен жүктей отырып, сақтандыру жағдайын жеке тұлғаға да, заңды тұлғаға да, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне де дербес ресімдеуге болады.
            Еурохаттама қандай жағдайларда қолданылады?
• зардап шеккен тарапты жөндеу сомасы 369 мың теңгеден аспайды (100 АЕК-тен жоғары емес);
• Азаматтардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілмеген;
• ЖКО нәтижесінде тек көлік құралдары ғана бүлінген (басқа мүлікке зиян келтірместен);
• Апатқа қатысушылардың екеуінде де қолданыстағы міндетті автосақтандыру полистері бар;
• Жүргізушілер арасында жол апатының зақымдану тізбесі мен жағдайларына қатысты келіспеушіліктер жоқ;
• ЖКО қатысушыларының мобильді нөмірлері мобильді азаматтар базасында тіркелген.
            Рәсімдеу кезеңдері:
• Қатысушылар мобильді қосымшада авторизациядан өтеді;
• ЖКО күнін, уақытын және орнын көрсетеді.
• ЖКО-ға кінәлі адамның және жүргізушінің деректерін енгізеді.
• Көлік құралының мәліметтерін: жүру мөлшерін, VIN кодын енгізеді.
• Мемлекеттік нөмірі бар көлік құралын төрт жағынан және көшенің жалпы фотосуреттерін түсіреді.
• Зақымдалған жерлерді белгілейді.
• Жүйеден растауды күтеді.
            Қосымша іске қосылған сәттен бастап барлық қажетті құжаттар, апат координаттары және зақымдану фотосуреттері қосымша арқылы өзгеріссіз автоматты түрде бір жүйеге беріледі. Мұндай өтінімдерді тезірек өңдей алатын сақтандыру компаниялары бұл деректерге қол жеткізе алады. Бұл ретте зардап шеккен тарап сақтандыру төлемін алуға беру үшін құжаттардың стандартты жиынтығын жинаудан босатылады. Мақұлданған жағдайда төлемдер орта есеппен 6 күн ішінде түседі.
Ерекшелігі Еурохаттама толтырған жағдайда құқық бұзушыға айыппұл салынбайды.
            Алайда, Еуропалық хаттаманы толтырғаннан кейін жасырын ақаулар анықталса және келтірілген шығын көлемі 100 АЕК-тен асса, сақтандырушы ешқандай қосымша төлем жасауға міндетті емес. Сақтандыру төлемі 100 АЕК шегінде жүзеге асырылғаннан кейін сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөніндегі міндеттемесі тиісінше орындалды деп есептеледі. Келтірілген шығын көлемі 100 АЕК-тен асады деп ойласаңыз, жол полициясын шақырып, сақтандыру жағдайын стандартты түрде тіркегеніңіз абзал. Еуропалық хаттама кішкене зақым үшін қолданылады. Егер сізде қымбат көлік болса және әлі де дилердің кепілдігі болса, оған сәйкес сіз тек оның салонында автокөлікті жөндеуге міндетті болсаңыз, онда зақымдануды бағалау мәселесіне мұқият қарау қажет. Күмәндансаңыз, жол полициясын шақырған  дұрыс.
Сонымен қатар, сақтандыру ұйымымен даулар туындаған жағдайда жәбірленуші сақтандыру омбудсменіне хабарласа алады.Еврохаттама

Сонымен қатар, сақтандыру ұйымымен даулар туындаған жағдайда жәбірленуші сақтандыру омбудсменіне хабарласа алады.
Жаңақорған аудандық сотының жетекші маманы Нұрсәби Камал
21 сәуір 2025 ж. 116 0