Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Еурохаттама

Еурохаттама


2024 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап сақтандыру жағдайларын жеңілдетілген тәртіппен реттеу, яғни «Еурохаттама» рәсімі енгізілген болатын. Жолдардағы ұсақ апаттарға ұшыраған автокөлік иелері енді осы Еурохаттаманы пайдалана алады. Бүгін осы жөнінде тарқата айтамыз.


Бұл оқиғаға жол полициясын тартпай-ақ, сақтандыру төлемдерін қашықтан және жедел алуға мүмкіндік береді. Ол үшін тараптар жол-көлік оқиғасы (ЖКО) салдарынан кім кінәлі, ал кім жәбірленушілер болып табылатыны жөнінде өзара ымыраға келіп, келтірілген залалдың сомасы 100 АЕК – белгіленген лимит шегінде екендігімен келісуге тиіс. Ең бастысы, апат кезінде адамдар мен үшінші тұлғалардың мүлкіне зиян келмеуге тиіс. Тағы бір міндетті талап – ЖКО қатысушыларында міндетті автосақтандырудың қолданыстағы полистері болуға тиіс.
Қысқаша айтқанда, екі көлік құралы қатысатын және келтірілген залал 100 АЕК-тен (2024 жылы 369 200 теңге) кем болған ұсақ жол-көлік оқиғасы жағдайында Еурохаттаманы қолдануға болады. Бұл міндетті автосақтандыру бойынша сақтандыру төлемін алудың жеңілдетілген тәртібі. Еурохаттаманың ыңғайлылығы – автокөлік иелері сақтандыру төлемдерін офиске бармай-ақ қашықтан ала алады.
Статистикалық деректерге сүйенсек, Жаңақорған аудандық сотына бірінші жарты жылдықтың қорытындысымен ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша 64 іс түсті. 9 айдың қорытындысымен шілде айында 15 іс, тамыз айында 13 іс, қыркүйек айында 12 іс түскен. Егерде Еурохаттама рәсімі дұрыс деңгейде жүретін болса аталған баппен сотқа түсетін істер саны да азаяды. Жол қозғалысы оқиғасы болған жерге барғанда полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізген дұрыс.
«Еврохаттама» пайдаланушыға жол полициясының қатысуынсыз, кінәлі мен залал мөлшері айқын болған ауыр емес апаттар жағдайында ЖКО ресімдеу мүмкіндігін береді. Қосымшаны «App Store» немесе «Google Play» дүкенінен жүктей отырып, сақтандыру жағдайын жеке тұлғаға да, заңды тұлғаға да, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне де дербес ресімдеуге болады.
Еурохаттама қандай жағдайларда қолданылады?
Азаматтардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілмеген, ЖКО нәтижесінде тек көлік құралдары ғана бүлінген (басқа мүлікке зиян келтірместен), апатқа қатысушылардың екеуінде де қолданыстағы міндетті автосақтандыру полистері бар болса. Сондай-ақ, жүргізушілер арасында жол апатының зақымдану тізбесі мен жағдайларына қатысты келіспеушіліктер жоқ, апатқа қатысушыларының мобильді нөмірлері мобильді азаматтар базасында тіркелген болса ғана болады.
Енді рәсімдеу кезеңдеріне келсек. Қатысушылар мобильді қосымшада авторизациядан өтеді, оқиғаның күнін, уақытын және орнын көрсетеді. Кінәлі адамның және жүргізушінің деректерін енгізеді. Көлік құралының мәліметтерін: жүру мөлшерін, VIN кодын енгізеді. Мемлекеттік нөмірі бар көлік құралын төрт жағынан және көшенің жалпы фотосуреттерін түсіреді. Зақымдалған жерлерді белгілейді және жүйеден растауды күтеді.
Қосымша іске қосылған сәттен бастап барлық қажетті құжаттар, апат координаттары және зақымдану фотосуреттері қосымша арқылы өзгеріссіз автоматты түрде бір жүйеге беріледі. Мұндай өтінімдерді тезірек өңдей алатын сақтандыру компаниялары бұл деректерге қол жеткізе алады. Бұл ретте зардап шеккен тарап сақтандыру төлемін алуға беру үшін құжаттардың стандартты жиынтығын жинаудан босатылады. Мақұлданған жағдайда төлемдер орта есеппен 6 күн ішінде түседі.

Нұрсәби КАМАЛ,
Жаңақорған аудандық сотының жетекші маманы

01 қазан 2024 ж. 355 0