» » Жұлдыз Әбдікәрімова туған күнінде ерекше образда ел алдына шықты

Жұлдыз Әбдікәрімова туған күнінде ерекше образда ел алдына шықты

Актриса, тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова бүгін, 14 сәуірде туған күнін тойлап жатыр. Өзінің жеке меншік мерекесінде ерекше образда фототүсірілім жасаған оған оқырмандары жылы лебіз білдіруде, деп жазады Sadaq.kz.
Әбдікәрімова қоңыр былғарыдан тігілген заманауи, сәнді, иығы тұтас ашық көйлек киген. Сонымен бірге оның мойнына таққан алқасы мен көлемді сырғасы да ерекше көзге түседі.
Актрисаның образын оқырмандары жылы лебізбен қабыл алды. Олар оның сұлулығын атап өтіп, туған күнімен жарыса құттықтап жатыр.
"Образ, мінез, даналық, ақылдылық - үйлесімділік", "Жұлдыз, қымбаттым, туған күніңмен, ең ақылды және табысты бол", "Әр түрлі бола аласың. Мықты, нәзік, әлсіз. Әр рөлінде өзіне сенімді", "Сұлулық, дарын, харизма. Сені бірегей ететін ерекше үйлесімділік. Бізді дарыныңмен қуантып жүре бер",  "Жаныыым, как всегда, огонь. Тал бойында бір мін жоқ, бой десе бойы, сұлулық, фигура, талант, білімі де жетеді. Тек алға, ЖУЛИ", "Бұл өмірде шынайы бақытты болыңыз! Қазақстанның бірінші ханымы", деген пікірлер бар.
15 сәуір 2025 ж. 510 0