» » Қызылордада Кеңес Дүйсекеев атындағы І халықаралық конкурсы өтіп жатыр

Қызылордада Кеңес Дүйсекеев атындағы І халықаралық конкурсы өтіп жатыр



Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық драма театрында 7-8 сәуір күндері композитор К.Дүйсекеев атындағы халықаралық конкурсы өтуде. 
Кеңес Дүйсекеев қазақ музыка өнері мен эстрадасының маңдайына біткен, ерекше дарынымен халқының сүйіспеншілігіне бөленген орны бөлек  тұлға. Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп отырған «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Кеңес Дүйсекеев атындағы І халықаралық «Туған жер» атты әншілер конкурсының басты мақсаты – композитордың шығармаларын дәріптей отырып, халықаралық деңгейде насихаттау. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен көшпелі брифингте облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Мира Қазбекова мәлімдеді.
«Басты мақсат композитордың әндері арқылы еліміздің рухын көтеріп, шетел әншілері мен қазақ эстрадасындағы жас таланттар арасында ынтымақтастықты нығайту, жаңа есімдер табу. «Туған жер» конкурсы Сыр елінде алғаш рет халықаралық деңгейде аталып өтуде. Конкурсқа Қазақстанның барлық аймақтарынан және Болгария, Польша, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінен талапкерлер қатысуда. Сайыс 2 күнге созылмақ. Сайысқа қатысушылар бірінші күні К.Дүйсекеевтің әнінен бір ән орындаса, екінші күні халық әндерін орындайды. Кеңес ағамыздың әндері  барша тыңдармандарының жүрегінде қалды және келер ұрпаққа мұра болып қала бермек», - деді Мира Жомартқызы.Продюсер, қазылар алқасының мүшесі Қарлығаш Әбдікәрімова жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. 
«Кеңес Дүйсекеев жоғары дәрежелі композитор, оның әні ешқашан өлмейтініне сенемін. Бүгін оның туған жері Сыр елінде бірінші рет халыхаралық конкурсы өтіп жатқанына қуаныштымын. Жарысқа қатысушылардың барлығына сәттілік тілеймін», - деді Қарлығаш Әбдікәрімова.Конкурсқа қатысушылар видео іріктеу арқылы таңдалған.
«Біз бұл турнирге қатысушыларды видео іріктеу арқылы таңдадық. Видео іріктеуге 200-ге жуық қатысушы бағын сынады. Кеңес ағамыздың әндерін айту оңай емес, екінің бірі айта алмайды. Іріктеуден өткен сайыскерлер халыққа әдемі өнер көрсетеді деп сенеміз», - деді қазылар алқасының төрағасы, композитор Рамазан Сағындықұлы.
09 сәуір 2023 ж. 209 0