Талапшыл жастардың жетістігі

Біртұтас тәрбие бағдарламасының «Еңбегі адал жас өрен» жобасы бойынша «Мамандықтар әлемін ашамыз» тақырыбындағы республикалық форумының аудандық сайысында мектепішілік сайыстан озып шыққан бес оқушымыз мамандықтар таңдау бойынша бақ сынады. «Мен мамандықты таңдаймын» тұсау кесер байқауында орыс тілі бойынша 8-сынып оқушысы Еркенұр Бегайдар өзінің музыка таңдауы бойынша қазақтың киелі қара домбырасын, саз сырнай мен скрипканы насихаттап, өз өнерін ортаға салды. Үш аспапта да тамаша өнерін паш етіп, байқау қорытындысында жүлделі бірінші орынды иеленді. Әрі облысқа жолдама алып, мектебіміздің мерейін асқақтатты. Жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші С.Сұлтаншаева.
Екінші, «Менің кәсібім-менің бизнесім» презентациялық байқауында 9-сынып оқушысы Жасмин Сапарбек жүлдемен оралды. Ол аудандық сында жүлделі екінші орынды иеленіп, керемет нәтижемен түйіндеді. Бұнда оқушы өзінің құрған бизнес-идеясын, жобаның елдің заманауи экономикалық дамуы үшін өзектілігін көрсете білді. Ұсынған жобасының құрылымы мен дәйектілігін, жоспарды ойластыруын, безендіру сапасы мен көрнекілігіне көп көңіл бөлгенін айта кету керек. Жетекшісі технология пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы А.Біжікеева.
Үшінші оқушымыз «Мен мамандықты таңдаймын» презентациялық байқауының қазақ тілінде өтілген аудандық сайысында дәрігерлік мамандықты таңдаған 5-сынып оқушысы Болатбек Нұрислам үшінші орынды иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, әрі Нұрисламның сынып жетекшісі педагог-сарапшы Т.Бакирова. Төртінші шәкіртіміз «Мен мамандықты таңдаймын» презентациясының ағылшын тілінде қорғады. 9-сынып оқушысы Жәннәт Қожатаева да қоламен қуантты. Жетекшісі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Ә.Берділлаева. «Жас мобилограф» бейнероликтер мен бейне сюжеттер сайысына қатысқан 10-сынып оқушысы Дилроза Оспан аудандық сертификатпен марапатталды. Сынып жетекшісі, технология пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Н.Ибрагимова. Бұл оқушыларымыз аудан көлемінде өздерінің мамандыққа деген қызығушылықтарын жан-жақты насихаттап, өз білімдерін, дарындарын жақсы көрсете білді.
Аудандық білім бөлімінің бағдарлы оқыту жөніндегі әдіскері Н.Базарбаева форумға қатысушыларға үлкен алғысын білдірді. Сайысқа қатысушыларды әр салада өзіне бекітілген жұмыстарын жақсы атқарғандары үшін арнайы дипломдармен марапаттады. Облысқа жолдама алған оқушыларға сәттілік тіледі. Апталық лездемеде мектеп директоры Б.Сайтмуратов, бейінді оқыту жөніндегі орынбасар А.Біжікеев жеңімпаз оқушыларды, олардың жетекшілерін арнайы марапаттап, алдағы уақыттарда да жетістіктерге жете беруіне тілектестігін білдірді.
Биылғы жылды Мемлекет басшысы «Жұмысшылар жылы» деп жариялауында үлкен мән бар. Қарапайым жұмысшыдан бастап,түрлі мамандық иелері өз жұмыстарын жетік атқарса алдағы мақсаттарға жету де оңай болатыны анық. Болашақ жастарымызды өз елінің жақсы мамандары етіп дайындауды мектеп жасынан бастап қолға алғанның үлкен пайдасы бар. Мамандық таңдауда осы жұмыстарды қатар алып келе жатқан ұстаздарымыз бен пән мұғалімдерінің еңбегіне жеміс тілейміз.
А.БИЖИКЕЕВ,
А.Әділов атындағы
№86-орта мектеп директорының
бейінді оқыту жөніндегі орынбасары