Мәслихаттар сайлауы

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Қызылордада балық аулау уақытша тоқтатылды

Қызылордада балық аулау уақытша тоқтатылды

Аталған тыйым – бүгіннен бастап облыста «Уылдырық шашу» акциясының басталуымен байланысты болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осылайша Арал-Сырдария бассейнінің су айдындарында балық аулауға уақытша тыйым салынды.
«Оның ішінде «Шардара» су қоймасының су айлағында 1 сәуір-20 мамыр, Түркістан облысы шегіндегі су айдындарында және «Шардара» су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейiнгi Сырдария өзенiнде 15 сәуір-31 мамыр, сағадан Түркістан облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде 1 сәуiр-30 мамыр аралығында балық аулауға болмайды. Ал Кiшi Арал теңiзiнiң су айлағында 1 мамырдан 10 маусымға, Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарында 20 сәуірден 10 маусымға дейін жағдай бақылауымызда болады», деді Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекция басшысының орынбасары Жанқожа Сапаров.Аталған акция шеңберінде рейдтік іс-шаралар, су айдындарының мониторингі және табиғат қорғау заңнамасының сақталуын тексеру жоспарланған.
Фото: Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы
01 сәуір 2025 ж. 562 0