№44 (8858) 17

17 маусым 2025 ж.

№43 (8857) 14

14 маусым 2025 ж.

№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Салауатты өмір салты – денсаулықтың негізі кепілі

Салауатты өмір салты – денсаулықтың негізі кепілі

Қазіргі кезде кең тараған сырқат түрінің бірі – қан тамырының қысымы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебінше, әлемде жыл сайын инсульттан 12 миллионға жуық адам дүниеден өтеді екен. Ал, Қазақстанда әр оныншы адам осы аурумен ауырады. Республика бойынша адам өліміне соқтыратын аурулардың ішінде қан қысымы бірінші орында
Жалпы, бұл ауру туралы ертеректен белгілі болған. Бірақ уақыт өте келе  жүрек пен тамырды зақымдайтыны белгілі белгілі болды. Егер осы сырқатқа шалдыққан науқас дер кезінде ем қолданбаса, ол жүректің жансыздануына (инфаркт) немесе жүрек қыспасына (стенокардияға) әкеледі. Жүректің бұлшық еттерін әлсіретіп, оның жұмысын тежейді. Арты миға қан құйылуға, бауырдың нашарлауына ұласуы мүмкін.
Мамандардың айтуынша, қан қысымы ауруының өршуіне саламатты өмір салтын дұрыс ұстанбау тікелей себеп болады. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарда артық дене салмағы мен семіздіктің салдарынан қан қысымы жоғарылайды. Шылым шегу, ішімдік ішу, дене қимылының аздығы, тұз бен май деңгейі жоғары тағамдарды тұтыну осы дерттің асқынуына себеп болады. Сонымен қоса, ата-анасында жоғары қан қысымы, жүрек аурулары мен қант диабеті жиі кездесетін адамдар да осы дертке шалдығуға бейім келеді. Оның асқынуы – ми, жүрек және бүйрек сияқты өмірлік маңызды органдардың зақымдануына да себеп.
Қан қысымы – қан тамырларының, яғни күре тамырлар мен көктамырлардың қабырғаларына түсетін күш. Қан қысымы артерияларда, қолқада барынша жоғары болады. Қан жүректен алыстаған сайын қысым да азаяды.
Медицина ғылымында ең жоғары қысым систоликалық, ең төменгі қысым диастоликалық деп аталады. Кейде қан тамыры мен ұсақ тармақтарының тарылуынан жүректің жұмысы күшейіп, қан тамыр арнасынан көптеп шығары­лып, қан қысымы жоғарылайды. Мұны – гипертония дейміз. Дегенмен, кейде он адамның біреуінде қан қысымының жоғарылауы бір ағзаның зақымдануынан болуы мүмкін. Алайда, көп жағдайда сырқаттың 90 пайызы бірінші рет басталады. Оны эссенциялдық қан қысымының жоғарылауы деп айтады.
            Қазіргі уақытта қан қысымының жоғарылауы да, төмендеуі де көп кездеседі. Әсіресе, жасы ұлғайған адамдарда қан қысымының жоғарылауы жиі байқалады. Ал, бұл жағдайдың алдын алу үшін, саламатты өмір салтын ұстанған дұрыс.
Дәрігерлердің айтуынша, қан қысымын қалыпты ұстау үшін біріншіден, тұтынатын тағам көлемін шектеу керек. Салмақтың артуы кезінде қан тамырының қысымы жоғарылайды, бұл жүректі салмақпен жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Ал, салмақты азайту өз кезегінде қан тамыры қысымын төмендетуде маңызды рөл атқарады. Екіншіден, пайдаланатын майдың көлемін шектеу. Тамақпен бірге сіңетін майлар, майдан бөлінетін холестерин деңгейінің артуына себепші болады. Ал, холестеринді артық пайдалану артериялық тамырлардың ішіне майлы заттардың жиналып, жүректің ишемиялық ауруының қаупін шұғыл өсіреді. Үшіншіден, тұзды шектеу керек. Өйткені, тұз ағзадағы сұйықты бөгейді. Төртінші, шылым шегіп, ішімдік ішу де өте зиянды. Дегенмен, кез-келген сырқаттың алдын алып, оның асқынуын тежеуге болады. Ең бастысы, денсаулыққа бей-жай қарамай, саламатты өмір салтын ұстанып, дәрігер қаралуынан уақыты өтіп тұрғаны абзал.
Саулебекова Назира,
Жаңақорған аудандық ауруханасы, жансақтау бөлімінің мейірбикесі
фото: islam.kz
28 қыркүйек 2024 ж. 25 0