№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қан қысымы жасарып барады

Қан қысымы жасарып барады


Соңғы кезде қан тамырының қысымы сырқаты көпшілікте сыр беріп жүр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебінше, әлемде жыл сайын инсульттан 12 млн-нан аса адам көз жұмады екен. Ал Қазақстанда әр оныншы адам осы дертпен алысып келеді. Республика бойынша адам өліміне соқтыратын аурулардың ішінде қан қысымы алдыңғы орында тұр. Ертеректе аурудың бұл түрі егде жастағы кісілерде кездессе, бүгінде «жасарып» бара жатқанын айтып, дәрігерлер дабыл қағуда.


Жалпы дерттің бұл түрі туралы ертеректен белгілі болған. Бірақ жүрек пен тамырды зақымдайтыны уақыт өте келе анықталған. Егер осы сырқатқа шалдыққан науқас дер кезінде ем қолданбаса, ол жүректің жансыздануына (инфаркт) немесе жүрек қыспасына (стенокардияға) әкеледі. Жүректің бұлшық еттерін әлсіретіп, оның жұмысын тежейді. Арты миға қан құйылуға, бауырдың нашарлауына ұласуы әбден мүмкін.
Мамандардың айтуынша, қан қысымы ауруының өршуіне саламатты өмір салтын дұрыс ұстанбау тікелей себеп болуда. Әсіресе адамдарда артық дене салмағы мен семіздіктің салдарынан қан қысымы жоғарылайды. Шылым шегу, ішімдік ішу, дене қимылының аздығы, тұз бен май деңгейі жоғары тағамдарды тұтыну осы дерттің асқынуына себеп болады. Сонымен қоса, ата-анасында жоғары қан қысымы, жүрек аурулары мен қант диабеті жиі кездесетін адамдар да осы дертке шалдығуға бейім келеді.
Қан қысымы асқынуы – ми, жүрек және бүйрек сияқты өмірлік маңызды органдардың зақымдануына да алып келеді.
Қазіргі таңда қан қысымының жоғарлауы да, төмендеуі де көп кездеседі. Қазір бұл дерт жас талғамай 20 жастьағыларды да мазалап жатыр. Ал, бұл жағдайдың алдын алу үшін, саламатты өмір салтын ұстанған дұрыс.
– Қан қысымының жоғарылауы – қызыл тамырдың ішіне майлы заттардың жиналып қалуын, жүректің ишемиялық ауруын және миға қан құйылуын өршітіп, адам өміріне қауіп тудырушы басты фактор болып табылады. Қан қысымы мен артериялық тамырлардың зақымдануы өзара тығыз байланысып, бір-бірінің әрекетін күшейте түседі. Сондықтан, қазіргі кезде қан қысымының жоғарлауын емдеу қан қысымын қалпына келтірумен шектелмей, қауіп-қатер факторын жоюға бағытталады. Бүгінде қан тамыры қысымының жоғарлау көрсеткіші 20-дан асқан жастар арасында да кездеседі. Мәселен, өткен аптада 25 жастағы келіншек басының соңғы аптада қатты ауыратынын айтып, шағымданды. Дереу қан қысымын өлшегенде 140/80 болып қан қысымы жоғары болды. Үнемі төмен қан қысымымен жүретін азаматша үшін бұл көрсеткіш жоғары болып саналады. Сондықтан бас ауырғанда дәрігерге қаралмай тұрып, өздігінен ем-дом жасау қауіпті – дейді аудандық емхананың терапевт дәрігері Гүлжазира Суханова.
Дәрігердің сөзінше, қан қысымын қалыпты ұстау үшін біріншіден, жейтін тағамның көлемін шектеу керек. Салмақтың артуы кезінде қан тамырының қысымы жоғарылайды, бұл жүректі салмақпен жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Ал, салмақты азайту өз кезегінде қан тамыры қысымын төмендетуде маңызды рөл атқарады. Екіншіден, пайдаланатын майдың көлемін шектеу. Тамақпен бірге сіңетін майлар, майдан бөлінетін холестерин деңгейі­нің артуына себепші болады. Ал, холестеринді артық пайдалану артериялық тамырлардың ішіне майлы заттардың жиналып, жүректің ишемиялық ауруының қаупін шұғыл өсіреді. Үшіншіден, тұзды шектеу керек. Өйткені, тұз ағзадағы сұйықты бөгейді. Төртінші, шылым шегіп, ішімдік ішу де өте зиянды.
– Қазір аудан бойында инсульт алған тұрғындар саны жыл өткен сайын артып жатыр. Мәселен, мен қарайтын №10 аймақта 11 азамат осы індет бойынша дәрігерлік есепте тұр. Біз оларды 2 жыл бақылауға аламыз. Негізі, дәрігерлік есепте тұратын адам дәрілерін үзбей ішуі керек. Себебі, дәрі-дәрмекті уақытылы пайдалану – қан қысымының жоғарлауынан сақтап, миға қан құйылудың (инсульт), жүректің жансыздануының (инфаркт) алдын алады. Ескеретіні, дәрінің белгіленген мөлшерін науқас өз бетінше өзгертуге немесе дәрігердің ұйғарымынсыз ауыстыруға болмайды. Өйткені дәрілердің кейбірі өзгертулерге жағымсыз әсер тудыруы мүмкін, – дейді аудандық емхананың аймақтық дәрігері Гүлжазира Талғатқызы.
Дәрігердің айтуынша, қазірде аудандық емхана
қан қысымына шалдыққандардың алдын алу және аурудың қай деңгейде екенін нақтылау үшін тредмил-тест, холтер, УЗИ аппараттары қамтылған. Бүгінде осы аппараттардың көмегімен тексерулер жүргізіліп, қауіпті дерттің алдын алуға мүмкіндік бар.
– Көбіне қан қысымы жоғарылауы кейбір ішкі ағзалардың асқынуынан болуы да мүмкін. Мәселен, бауыр, бүйрек ауруының асқынуы да қан қысымының жоғарылауына алып келе­ді. Сондықтан, әр емделуші алдымен толық тексеруден өтіп барып, дәрі қабылдағаны жөн. Бүгінде осы дерттің алдын алу үшін әр 2 жыл сайын жоспарлы тексеру жүргізіп, дерттің алдын алу жолында жұмыс жасап жатырмыз. Бірақ, әр адам өз денсаулығының сақшысы ретінде кемінде жылына бір рет толық дәрігер тексерілуінен өз еркімен өтіп отырғаны дұрыс. Сонда сырқаттың алдын алуға мүмкіндік туады, – дейді Салтанат Әбілдаева.
Жалпы кез келген сырқаттың алдын алып, оның асқынуын тежеуге болады. Ең бастысы, денсаулыққа бей-жай қарамай, саламатты өмір салтын ұстанып, дәрігер қаралуынан уақытылы өтіп тұрған жөн.

Айсұлу АЛДАНАЗАР
24 желтоқсан 2024 ж. 59 0