№22 (8836) 29

29 наурыз 2025 ж.

№21 (8835) 23

23 наурыз 2025 ж.

№20 (8834) 18

18 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Енді дүркіретіп той жасағандарға салық салынатыны рас па?

Енді дүркіретіп той жасағандарға салық салынатыны рас па?



Қазақстанда салық органдары той ұйымдастырушылардың кірістері мен шығыстарының сәйкестігін тексереді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

БАҚ-та тараған ақпаратта мемлекеттік кірістер комитетінің той ұйымдастырушыларын тексеруді бастайтыны, той шығындары ресми табыстарына сәйкес келмейтін қазақстандықтар тексерілетіні айтылған. Ақпаратқа сәйкес, азаматтар той үшін қаржыны қайдан алғанын түсіндіруі қажет. 
Мемлекеттік кірістер комитеттің мәліметінше, тексеру коммерциялық қызметпен айналысатын, бірақ жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген қазақстандықтарға қатысты жүргізілуде.
"Комитет тұрақты негізде қызметіне қарамастан жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін орындауын салықтық тексеру жүргізеді. Мұндай қызметкерлердің, мысалы, жүргізушілердің/тамадалардың, әншілердің және басқа да салық міндеттемелерін орындауы жалпы негізде басқа азаматтар мен кәсіпкерлермен бірге жүзеге асырылады", — делінген хабарламада. Қазақстанда камералдық бақылау өз бетімен салық салынатын табыс тауып отырған барлық азаматтарға жүргізіледі. Осылайша, коммерциялық белгілері бар, бірақ ресми тіркеусіз жұмыс істейтін тұлғаларға қатысты заңға сәйкес тексерулер жүргізілуде. 
27 наурыз 2025 ж. 123 0