ЖАҢАҚОРҒАН АГРАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ҚЫЗДАР КОМАНДАСЫ ТОП ЖАРДЫ!

Қызылорда облыстық Білім басқармасы мен облыстық Кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен
"8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне" орай дәстүрлі волейбол жарысы ұйымдастырылды. Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары қатысқан намысты дода жылдағыдан ерекше болды.
Тартыс пен таласқа толы облыстық сайыста Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінен құралған қыздар командасы мәртебелі I орынға ие болды. Ал, екінші орынға М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжі ие болса, Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі үшінші орынға ие болды. Жеңімпаздар білім басқармасы басшысы А.Есжановтың және облыстық кәсіподақ комитет төрайымы Г. Есқалиеваның "ДИПЛОМЫ" және арнайы сый-сыяпаттармен мараптталды.
Ептілік пен икемділікті, шапшаңды талап ететін волейбол ойынында Жаңақорғандықтар намысты қолдан бермей,жеңістің тұғырынан көрінді. Оқу орнымыздың ғана емес, ауданымыздың атын асқақтатқан волейболшыларға колледж басшысы Тәттімбет Тұрғалиұлы, кәсіподақ төрағасы Алмат Құрбанайұлы және колледж басшылары демеушілік етіп, рухани жігер сыйлады. Соның нәтижесі болар, шаңырағына шаттық ұялатып, отбасының берекесін кіргізген Жаңақорған колледж қыздары бұл жылы да спорттық сайыстың, төл мерекенің мәнін кіргізді.
Айта кететіні, кәсіптік колледжден құралған қыздар командасы жыл сайын дәстүрлі турнирлерде жоғарғы орындарды иеленіп жүр. Ұйымшылдықпен қатар, ұтқырлықты, шапшаңдықтың да ерен үлгісін көрсетіп келеді. Түрлі пәннің оқытушылары құралған спорт сүйгіш құрамаға тек жүлделі орындар тілейміз. Әрқашан көшбасшы болып, жеңіс туын көтере беріңіздер!
#ЖАТК
#1орын
#Жетістік
#ОблыстықДода