"Органикалық өнімдер"дегеніміз не?

Барлық стандарттар мен ережелерге сәйкес сертификатталған органикалық өндірісті жүргізу нәтижесінде алынған өнімді органикалық деп санауға болады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, органикалық өнімдерде дәстүрлі өндіріс өндірген өнімдерге қарағанда калий 63%, темір 73%, кальций 125% және мырыш 60% көп екені анықталды.
Органикалықөнімдіқалайажыратуғаболады?
Біздің елде органикалық өнімдерді сатудың мамандандырылған нүктелері әлі де жоқ екенін ескере отырып, ірі супермаркеттерден немесе дұрыс тамақтану дүкендерінен қандай да бір өнімдерді сатып алсаңыз, "органикалық өнім" деген арнайы эко-белгісіне және бүкіл өндірістік процесті бақылауға жауапты сертификаттау ұйымының белгісіне назар аударуға кеңес береміз.Эко-таңбамен белгіленген өнім органикалық ауылшаруашылық өндірісінің принциптеріне сәйкес өндірілген және өңделген болып табылады.Органикалық өнім өндіру саласындағы қағидаттар:
1) дұрыс тамақтануды қалыптастыруға бейімдейді;
2) жаңартылмайтын табиғи ресурстарды пайдалануды шектеу болып табылады;
3) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экологиялық жүйелерді сақтау;
4) топырақ құнарлылығын сақтау және молықтыру.
Органикалық өнім өндірісі барлық кезеңдерде қатаң ережелер мен бақылауды талап етеді — бұл табиғи өнімдерді өндіру және ГМО-дан бас тарту ғана емес, сонымен қатар өндіріс пен шикізаттың барлық кезеңдерін қамтитын принциптердің күрделі жүйесі. Бақшада өсірілген кез-келген өнімді органикалық деп санауға болмайды.
Өз кезегінде, сатып алушы үшін дүкен сөрелерінде органикалық өнімдердің пайда болуы жоғары сапалы дұрыс тамақтану өнімдерінің қосымша таңдауын білдіреді.
Дұрыс тамақтану – қазіргі заманауи өмір салтының негізгі компоненттерінің бірі. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тырысқан адам дұрыс органикалық тағам алуға тырысады. Органикалық өнімдердің атауларында «органик», «органикалық», «organic», «organik» деген сөздер бар.
Соныменорганикалықөнімдегеніміз не?
Қазақстан Республикасында 2016 жылдың ортасынан бастап топырақты ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, дұрыс тамақтануды қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғауға жәрдемдесуге бағытталған органикалық өнім өндірісінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайтын «Органикалық өнім өндірісі туралы» заң (бұдан әрі - Заң) қолданылады. Заңға сәйкес, органикалық өнім – бұл Заң талаптарына сәйкес өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері, аква өсіру және балық аулау өнімдері, жабайы өсімдіктерден жасалған өнімдер және оларды қайта өңдеу өнімдері, оның ішінде тамақ өнімдері. Органикалық өнім синтетикалық заттарды, пестицидтерді, гормондарды, антибиотиктерді және тағамдық қоспаларды (органикалық өнімдерді өндіру және олардың айналымы ережесінде көзделген ерекшеліктерден басқа), минералды азот тыңайтқыш-тарын, өсуді синтетикалық реттегіштерді, синтетикалық бояғыштарды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, иондаушы сәулелерді, топырақты пайдаланбай өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру әдістерін, жабайы өсетін өсімдіктерді өңдеудің химиялық әдістерін қолданбай және пайдаланбай өндірілуі тиіс. Органикалық өнімді қайта өңдеу кезінде технологиялық немесе зоотехникалық қажеттілік жағдайында не диеталық мақсаттар үшін пайдаланылуы талап етілетін тағамдық қоспаларды, жжем шөп қоспаларын қолдануға жол беріледі. Тамақ өнімдеріне ерекше қоректік қасиеттер беру қажет болған жағдайда, қоспаларды, технологиялық қоспаларды, хош иістендіргіштерді, суды, тұзды, микроорганизмдер мен ферментер негізіндегі құрамды, минералдарды, микроэлементтерді, дәрумендерді, сондай-ақ табиғи көздерден алынған амин қышқылдары мен басқа да тағамдық микроэлементтерді пайдалануға жол беріледі.
Заңнамада ауыл шаруашылықтекті органикалық ингредиенттерді қайта өңдеу кезінде пайдалануға рұқсат етілген заттар мен өнімдердің тізімі көзделген.
М.Сандыбайқызы
Бөлім басшы
Бөлім басшы