Университет ұжымы экологиялық акцияға қатысты
23 наурыз – тазару күні. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті«Наурызнама» онкүндігінің соңғы күні тазару күніне орай экологиялық акция өткізді.
Тазару күнінде аймағымыздың экологиялық түйткілдерді шешуге ұжым қызметкерлері түгел үлес қосты. Ботаникалық бақпен барлық университет ғимаратының аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.
”Қыстан көктемге көшкен наурыз айында табиғатта жаңа өмір басталады. Өсімдіктерден бөлінетін таза ауа бізге аса қажет. Сондықтан егілген талдарды күтіп ұстап, органикалық заттарды тұрмыстық қалдықтардан тазаладық. Органикалық заттарды топырақта шірімейтін тұрмыстық қалдықтардан тазалаудың маңызы зор”, – деді «Биология, география және химия» кафедрасының аға оқытушысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Самалбек Қосанов.
Ұжым қызметкерлері ғимарат аумағын тазалап, Ботаникалық бақтағы ағаштардың түбін ақтап, қоқыстарды шығарды.
Білім ордасының Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнұр Әбілтайқызы, “Наурыз мерекесі ертеден табиғат тазалығын сақтауды үндейді. Күн сайын азаматтарға қоршаған ортаны қорғау туралы түсінікті кең таратып, қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту қажет. Әрбір азамат тазалыққа ерекше мән берсе, нұр үстіне нұр болар еді” деп акцияға белсенді қатысқан қызметкерлерге алғысын білдірді.