“Мерген ару-2025” сайысы

28 ақпан 2025 жылы Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде «8-наурыз халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай “Мерген ару-2025” колледжішілік қыздар арасында сайыс өткізілді. Колледж директоры м/а Абдраимов Тәттімбет Тұрғалиұлы және алғашқы әскери пәнінің ұстаздарының ұйымдастыруымен сайыс ұйымдастырылды. Шараны ашып беру үшін колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.Шарапұлы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алмат Құрбанайұлы сөз сөйлеп , қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайыстың мақсаты –Патриоттық рухын көтеру және командалық бірлікті нығайту. Сонымен қатар, әскери-спорттық дайындықты нығайтып, өжеттілікке, ептілікке үйрету.
Бұл додаға колледжіміздің өндірістік оқыту шеберлері, арнайы және жалпы пән оқытушылары, тәрбие саласы, әкімшілік саласы қыздар қауымы қатысып, өздерінің шеберліктерін, жылдамдықтарын және дәлдігін көрсетті.
Жарыс жоғары деңгейде өтті.
Ұйымдастырушы: АӘД пәнінің мұғалімдері Нұртазаев Жұмахан, Сайлыханұлы Қайрат, Қайрат Аружан
#БІРТҰТАСТӘРБИЕ