Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 529

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Дөңгелек үстелде бас қосты

Дөңгелек үстелде бас қосты


Қызылорда облыстық сайлау ко­миссиясының сайлау процесіне қаты­сушыларды электоралды оқытудың 2022 жылға арналған күнтізбелік жоспарына сәйкес, саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді Дүниежүзілік сайлау күніне байланысты ұйымдастырылған жиын Арман кенттік мәдениет үйінде өрбіді.
Алдымен дөңгелек үстелде Жаңақорған аудандық сайлау комис­сиясының төрағасы Сұлтан Ибрагимов баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарды айқындады.
Жиында көтерілген мәселелер маңызды, аумақтық және учаскелік сайлау комиссия мүшелерін, саяси партиялардың ұсыныстары және мәслихат белгiлеген мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда қайтпек керек. Сондай-ақ, өзге қоғамдық бiрлестiктердiң ұсынысы бойынша сайлау және Қазақстан Республикасы саяси партияларының, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушыларының құқықтары мен дауыс беру күнгі әрекеттерінің алго­ритмдері түсіндірілді.
Қатысушылар дөңгелек үстел ба­ры­сында пікірталас өрбітіп, ортақ мәселе төңірегінде ой бөлісті. «Ақбаян» әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Күлән Әбілтанова, «Жаңақорған аудандық ауған соғысы және патриот жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қуаныш Абилакимов, Жаңақорған аудандық қоғамдық Кеңестің төрағасы Ақылбек Жәнібеков, аудандық мәслихаттың депутаты Әсем Тілеубергенова тұ­щымды ойларын ортаға салды.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
09 ақпан 2022 ж. 666 0