МӘМС: Қызылорда облысы бойынша медициналық қызмет көрсетушілердің тізімі

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының ақпараты бойынша, тізімге келесі қызмет түрлерін көрсететін медициналық ұйымдар енгізілген:
- Консультациялық-диагностикалық көмек;
- Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек;
- Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек;
- Стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек;
- Жоғары технологиялық медициналық көмек;
- Шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек;
- Медициналық оңалту;
- Бағдарламалық диализ;
- Онкогематологиялық науқастарға медициналық көмек;
- Паллиативтік медициналық көмек;
ТМККК және МӘМС аясында медициналық қызмет көрсететін барлық медициналық ұйымдарының тізбесі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтында, «Қор жеткізушілерінің картасы» батырмасында орналастырылған.