№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының сарапшылары 725 миллион теңгеге ақауларды анықтады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының сарапшылары 725 миллион теңгеге ақауларды анықтады


Бірінші жартыжылдықта медициналық қызмет көрсету барысында барлығы 85,6 мың бұзушылық тіркелді. Көбіне алғашқы медициналық-санитарлық көмек, консультациялық-диагностикалық қызметтер, стационарлық, стационарды алмастыратын көмек деңгейінде. Бұл туралы ӘМСҚ облыстық филиалының медициналық көмектің сапасын бағалау және шарттық міндеттемелердің мониторингі бөлімінің басшысы Гүлнара Кенжебаева хабарлады.

Спикердің мәліметінше, зертханалық талдаулар, дәрігерлердің кеңестері, түрлі аспаптық, диагностикалық зерттеулер жүргізу кезінде медициналық ұйымдар 290,3 млн теңгені құрайтын 81 657 бұзушылыққа жол берген. Көбінесе медицина қызметкерлері жүргізілген диагностикалық қызметтердің санын негізсіз көбейткен. Мысалы, бір зерттеу жүргізу кезінде екіден астам медициналық қызмет көрсетілген.
Сондай-ақ, Гүлнара Кенжебаеваның айтуынша, 16 медициналық ұйымда көрсетілмеген медициналық қызмет деректер анықталған. Осыған байланысты сарапшылар жалпы сомасы 22,4 млн теңгеге айыппұл салды. Антирейтингте Арал көпсалалы орталық аудандық ауруханасы, Сырдария аудандық ауруханасы, №3, №4, №5 қалалық емханалары бар.
Стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда 434,6 млн. теңгеге 4 мыңға жуық бұзушылық анықталды. Бұл бұзушылықтар негізінен Арал және Қазалы көпсалалы орталық аудандық ауруханаларда.
Аймақтық дәрігерлерді тексеру кезінде 55,8 млн теңгеге 2 250 бұзушылық анықталды. Себебі - медициналық көмек көрсету стандарттарын сақтамау. Ақаулардың ең көп саны Қазалы көпсалалы орталық аудандық ауруханасында, №1, №6 қалалық емханаларда анықталды.
Егер сізде сапалы медициналық қызметтерді алуға қатысты сұрақтар туындаса, онда өз емханаңыздың Пациентті қолдау қызметіне хабарласуыңыз қажет. Егер мәселені сол жерде шешу мүмкін болмаса, онда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өзіңізге ыңғайлы тәсілмен өтініш беріңіз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.
08 тамыз 2023 ж. 213 0