МӘМС бойынша медициналық қызмет көрсететін мекемелердің тізімін қайдан көруге болады?
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан барлық медициналық ұйымның тізімін fms.kz (сілтеме - https://fms.kz/kz/) ресми сайтынан таба аласыз. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша ӘМСҚ филиалының бас сарапшысы Айгүл Аханова хабарлады.
Медициналық қызметтің жекелеген түрлері бойынша тізім «Медициналық қызметтерді сатып алу» - «КДҚ жеткізушілері» бөлімінде орналастырылған.
- КТ және МРТ, сандық рентгенография жеткізушілері
- ПТР-тестілеуді жеткізушілер (биоматериал емхана арқылы жіберіледі)
- Стоматологиялық клиникалар (азаматтардың жекелеген санаттары үшін)
Жалпы тізім «Пациент үшін» – «Клиниканы таңдау» бөлімінде орналасқан. Осы жерде тұрғылықты аймақты және қызметті таңдайсыз. Бұл:
- Консультациялық-диагностикалық көмек
- Тәуліктік немесе күндізгі стационардағы мамандандырылған медициналық көмек
- Жоғары технологиялық медициналық көмек
- Медициналық оңалту
- Бағдарламалық диализ болуы мүмкін.
МӘМС мүмкіндіктерін пайдаланыңыз!