» » БҮГІНГІ. МАМАНДЫҚ ИЕСІ - ТІГІНШІ.

БҮГІНГІ. МАМАНДЫҚ ИЕСІ - ТІГІНШІ.

Қоғамдағы еңбек адамының мерейін өсіріп, ынталандыру үшін Мемлекет басшысы қарапайым еңбек адамдарының рөлін арттыру мақсатында үстіміздегі жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауының маңызы зор.
Осы ретте, «AMANAT» партиясы ел-елдегі қарапайым жұмыс иелерінің еңбектерін ел арасында кеңінен насихаттап, оларға деген құрметті арттыру бағытында бірқатар iстердiң ұйытқысы болып жүргенi белгілі.
Атап айтсақ, «Еңбек адамы» жобасы талай жанның мерейiн өсiрiп, абыройын үстем етті. Бұл жоба «AMANAT» партиясының Төрағасы Е.Ж. Қошановтың тапсырмасымен бастау алға 2 жыл iшiнде 60 бөлімнен тұратын деректі фильм түсіріліптi. Бұл үлкен жұмыс, жалынды жастарға тiрек боларлық бастама деуге болады.
Өйткені, еңбек адамы – қашанда елдің құты. Сондықтан да, халықтың шынайы ықыласына бөленерi анык. Расында да байлық та, бақыт та адал еңбек, маңдай тердің арқасында келеді емес пе?
Мiне, осындай еңбек адамдарын болашақ ұрпаққа үлгі ету мақсатында «AMANAT» партиясының қолдауымен қарапайым еңбек адамдарының үлгілі өмірін өнеге ететін фильмдердің жалғасы биыл да жалғасын тапты.
Мына фильмде тiгiншi ананың еңбегі, көз майын тауысып тiгiн машинасының құлағында отырып бала шағасының нәпақасын тауып, екінші жағынан ұлттық өнерді ұлықтап отырған анаға қарап, қаншама қыз келіншектер бой түзейді десеңші.
Жалпы, осындай мақсаттағы фильмдердiң көп болғаны осындай алмағайып заманда нағыз керек танымдық көрiнiс десек артық емес.
Осы түсірiлген фильмдерде еңбекқор, өмірге құштар, адал адамдардың жанкешті күресімен қатар қоғамдағы әртүрлі мәселелерді фильмге арқау ету арқылы жас буын өкілдерін адалдыққа, өмірді сүюге, мейірімділікке баулығаны көңілге қуаныш сыйлайды. .
Бұл "AMANAT"
Партияның қолдауымен түсіріліп жатқан осы фильмді көпшілік көрiп, рухани азық алса деген тiлегiмiз бар.
19 ақпан 2025 ж. 66 0