» » Жұмыссыз жастарға жол көрсететін жоба

Жұмыссыз жастарға жол көрсететін жоба

Бүгінде жастар қауымын толғандыратын негізгі мәселенің бірі – жұмысқа орналасу. Жастардың қалауы мен әлеуетіне сай келетін лайықты жұмыс табу өте маңызды. Осы ретте "AMANAT" партиясының
"Жастарға жұмыс" жобасы аясында жүйелі жұмыс жүргізiлуде. Атап айтсақ, бүгін енді ғана өз жұмысын бастаған жас кәсіпкер Бекжан Азамат Жаңақорған кентінен автокөлік желімдеу мен көлік жуу орталығын ашып, өз жұмысын жүргізуде. Бүгін Жас талапкердiн iсiне сәттiлiк тiлеп, аудандық партия филиалының төрағасы Арман Әбілпейсұлы арнайы барып, жұмыс барысымен танысып қайтты.
Партия осындай жас кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау білдіріп, жан-жақты жол көрсетуді ұдайы назарда ұстап келеді. Өйткені, жастар үшін ең басты құндылық – жұмыс! Нақты бір кәсіпте ысылмаған жастарға жұмыс табу оңай емес. Осы мақсатта, бұл жобаның көпшілікке берерi мол.
15 қараша 2024 ж. 37 0