Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ойлы жастарға оң кеңес

Ойлы жастарға оң кеңес



Жастарды қолдау тұрақтылық пен орнықты дамудың негізі және ел болашағына деген қамқорлық.
Жастардың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына септігі тиіп жатқан бағдарламалар аз емес. Солардың бірі – «AMANAT» партиясының «Жастарға кеңес» жобасы деуге болады.

Бүгін осы жоба аясында "AMANAT" партиясы Жаңақорған аудандық филиалының Төрағасы, аудандық кәсіпкерлік бөлімі, қаржы бөлімі, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы және "Мансап" орталығы басшыларымен тиісті сала мамандарының қатысуымен "Жастарға кеңес" тақырыбында қабылдау өткiздi.
Осы ретте айта кетейік, жастардың дені әлеуметтік желіде отыратындықтан
қабылдауды офлайн және онлайн түрде жүргізіп, кездесуге келе алмаған жастар әлеуметтік желi арқылы тiкелей байланысқа шығып, көкейлеріндегi сауалдарға толыққанды жауап алды.
Жобаның мақсаты – жастардың өзекті мәселелерін анықтай отырып, оларға консультативтік көмек беру болып табылады.
Қорыта айтсақ, «Жастарға кеңес» — бүгінгі жастарға ауадай қажет жоба.
12 ақпан 2025 ж. 198 0