Облыста өңдеу өнеркәсібін дамыту жобаларына өтінімдер қабылдануда

Kyzylorda-news.kz Аймақ басшысының тапсырмасымен облыста өңдеу өнеркәсібін дамытуға 1 млрд теңге бағытталды. Жоба «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жүзеге асырылады.
Басымдық берілетін салалар:
- Жеңіл өнеркәсіп (киім-кешек, мата, аяқ киім, тері өңдеу және тері бұйымдарын жасау т.б.);
- Тұрмыстық химия өнімдері (кір жуу ұнтақтары, кір сабын, антисептиктер, антибактериалды сұйықтықтар т.б.);
- Темір және құрылыс материалдары өндірісі (қыштар, блоктар, бетон және темір-бетон бұйымдары, құбырлар, дәнекерлеу бұйымдары т.б.);
- Ағаш өнімдері және жиһаз өндірісі (ағаш өңдеу материалдары, жиһаздар, баспалдақтар, есіктер т.б.);
- Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу (ет, сүт, ұн, балық, көкөніс-бақша, құс өнімдері т.б.);
- Басқа да өндіріс түрлері (пластмасс, қағаз, әйнек, резеңке өнімдері, мектеп жиһаздары, брусчаткалар т.б.).
Несие:
- негізгі құралдарды сатып алу;
- өндірістік нысандардың құрылысы және оларды қайта жаңғырту;
- арнайы техникаларды алу (өңдеу саласындағы кәсіпке қатысты болған жағдайда);
- айналым құралдарын толықтыруға беріледі.
Несие алушыға қойылатын талаптар:
- бизнес жоспары;
- жер телімі;
- құрал-жабдық сатып алу жөнінде ниет-шарты болуы тиіс;
- сатып алынатын құрал-жабдық дайын өнім шығаруы;
- несие қаражатын пайдалану қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылуы;
- несие міндетті түрде кепіл-мүлікпен қамтамасыз етілуі қажет.
Айта кету керек, былтыр облыс әкімі өңірде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Орталыққа ауыл шаруашылығы өнімдерінің желісін дамытуды жүктеді. Атап айтқанда, өсіру, өңдеу, сақтау, өткізу жүйесін қалыптастыруға жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға 45 жоба қаржыландырылып, 159 жаңа жұмыс орны ашылды.
Фото: «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығының баспасөз қызметі