Заңды білмеу – жауапкершіліктен босатпайды

Оқиға орнына жедел тергеу тобы шақыртылып, тексеру барысында 4 телефон , 5 қуаттағыш, 1 құлаққап тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы негізінде әкімшілік хаттама толтырылып, іс-құжаттар сотқа жолданды.
Мекеме бастығы Мақсұт Өтетлеуовтың айтуынша, мекеме аумағына тыйым салынған заттарды өткізуге әрекеттену – заң бұзушылық және ол үшін қатаң жаза қарастырылған. Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жедел бақылау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, қауіпсіздік шаралары күшейтілуде. Соған қарамастан, сотталғандардың таныстары, туыстары тыйым салынған заттарды әрекеттермен өткізуге тырысады. Бірі тамақ ішіне жасырса, енді бірі аяқ киім табанына жасырып өткізбек болады.
Осыған орай, мекеме әкімшілігі сотталғандардың туыстары мен таныстарын заң талаптарын сақтауға шақырады, өйткені, заңды білмеу – жауапкершіліктен босатпайды.
Фото: ҚАЖ