№56 (8870) 29

29 шілде 2025 ж.

№55 (8869) 26

26 шілде 2025 ж.

№54 (8868) 22

22 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Мектептің мерейтойы

Мектептің мерейтойы


Аудан орталығындағы №289 орта мектебі 2024 жылдың қаңтарында ашылған еді. Алғашқы күннен бастап аудандық деңгейдегі түрлі шараларды жоғары деңгейде өткізіп, жыл бойында жасалған қарқынды жұмыс пен нәтижелерді қорытындылау мақсатында мектептің 1 жылдық мерейтойы түрлі бағытта, жаңаша үлгіде аталып өтті.


Жаңа мектептің жасқа толуына орай ұйымдастырылған шаралардың қорытынды ша­расы «Бір жылдық белес» атты аудандық білім қызметкерлері арасындағы волейбол турнирі болды. Аудан көлеміндегі барша білім қызметкерлері шақырту алған бұл сайысқа ауданның үздік 9 командасы қатысты.
Шараның ашылу салтанатында мектеп басшысы Ұланбек Биімбетов, аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұрсұлтан Тұрмаханов тілек білдіріп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Тартысқа толы бәсекеде №163 орта мектебінің ұстаздары чемпион атанса, күміс жүлде №192 орта мектебінің еншісіне кетті.
Ал, қоланы №289 орта мектебі командасы қанжығалады. Жеңімпаздарға естелік ретінде кубок беріліп, медаль таратылды. Сонымен қатар «Үздік ойыншы» номинациясы Рамазан Үпеновке, Камалдин Әлішерге. Дәурен Ғабитовке және Дәурен Аманқожаевқа табысталды.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақса­тында ұйымдастырылған аудандық турнир соң­ында сайысқа қатысушы командалар өздерінің разылығын білдіріп, мектеп ұжымына ізгі тілектерін жеткізді.
11 ақпан 2025 ж. 206 0