Соңғы жаңалықтар

№1 (8815) 7

07 қаңтар 2025 ж.

№103 (8814) 31

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Декреттегі ана табыс тапса, жәрдемақы неге тоқтап қалады – Тамара Дүйсенова

Декреттегі ана табыс тапса, жәрдемақы неге тоқтап қалады – Тамара Дүйсенова

Kyzylorda-news.kz  Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова декреттегі аналар табыс тапса, баланың 1,5 жасына дейін берілетін төлем неге тоқтатылатынын түсіндірді.
Оның айтуынша, Әлеуметтік кодекске сәйкес, сақтандыру жүйесі бала күтіміне байланысты ата-ананың жоғалған табысын өтейді.
 Заңда дәл осылай көрсетілген. Осыған байланысты, сәбидің анасы немесе әкесі баланы күту үшін үйде отырып, бұрынғы табысын алмаса, оған жалақысының 40%-ы көлемінде өтемақы төленеді. Егер ол жұмысқа шықса және жалақы алса, бұл жағдайда, заңға сәйкес, еңбекке қабілеттілікті жоғалтуға байланысты төлемдер тоқтатылады, - деді Т.Дүйсенова Үкімет үйіндегі брифингте.
Дегенмен, Т.Дүйсенова елімізде бала туғанда берілетін, күтімі үшін берілетін түрлі жәрдемақы бар екенін атап өтті.
– Көпбалалы отбасы болса, бұл төлемдер тоқтатылмайды және әрі қарай төленеді. Біз ата-аналарды қолдау ретінде, егер олар жұмыс істеп, табысын сақтап қалса, оларды басқа көздерден – республикалық және жергілікті бюджеттен төленетін басқа жәрдемақылар арқылы ынталандырамыз, - деді Т.Дүйсенова.
ШҚО-да 780 әйел декреттік төлемді арттыру үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін жазған болатынбыз.
Фото: el.kz
09 қаңтар 2025 ж. 45 0