№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елімізге 13569 қандас келді

Елімізге 13569 қандас келді



Жыл басынан бері Қазақстанға 13569 қандас келді. Бұл туралы Үкімет отырысында Көші-қон саясаты тұжырымдасын іске асыру барысын талқылау кезінде Премьер-Министрдің орынбасары –Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті. 

– 1 шілдеден бастап Қазақстанның консулдықтары шетелдегі қандастарымыздың өтініштерін «бір терезе» қағидаты бойынша қарай бастады. Қандастарды елге қоныстандырудың жаңа алгоритмі жасалып, ол 4 санат бойынша жүргізіле бастады. Біріншіден, жұмыс берушілердің сұранысы бойынша қажет кәсіп иелерін тарту. Мұндай сұраныс жұмыс күші жетпей жатқан барша өңірлердің жұмыс берушілерінен түсуі мүмкін, бұл ретте қандастарымыз сол жұмыс берушінің локациясындағы өңірге жіберілетін болады, – деді Т. Дүйсенова.
Екіншіден, қандастарымыздың ата-анасы немесе балалары ертерек келіп, азаматтық алып, белгілі бір кәсіппен айналысып жүрген болса, онда шетелдік қандастарымыз олар тұрып жатқан жерге отбасымен, туыстарымен қауышу мақсатында көшіп келуі мүмкін. Үшіншіден, өңірлер өз территориясында даму әлеуеті бар елдімекендерді анықтап, сол жерлерге демографиялық үдерісті күшейту мақсатында қандастарымызды шақыру мүмкін.
Төртіншіден, үкімет айқындаған өңірлерге жолдама беру тәртібі бар. Айта кететін жәйт, әлеуметтік пакет тек төртінші, яғни Үкімет айқындаған өңірлерге жолдама алған қандастарымызға ғана беріледі. Жыл басынан бері Қазақстанға 13569 қандас бауырымыз келді, оның 8547-сі еңбекке қабілетті. Олар әлеуметтік қолдау және бейімдеу, жұмысқа орналастыру шараларымен қамтылған, – деді Премьер-министрдің орынбасары–Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.
13 тамыз 2023 ж. 183 0