Қырғызстан көлік салығын алып тастады
Жарлыққа сәйкес, президент автокөліктерге салынатын салықты толығымен алып тастауды тапсырған.
"Бұл шешім "Жол қоры туралы" заңға енгізілген өзгерістерге байланысты қабылданды. Заң бойынша әр литр жанармайдан бір сом мөлшерінде алым алынады. Көліктерге салынатын салық алынып тасталды, оның орнына 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап әр литр бензин немесе дизель отыны үшін бір сом (6,11 теңге) алынады" - деді Садыр Жапаров.
Сондай-ақ, президент 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін автокөлік салығын төлемеген азаматтарды салықтан босатуды тапсырды.
"Салық төлемеген азаматтардың саны аз емес екені анықталды. Мемлекет үшін үлкен қиындықтарға қарамастан, біз осындай шешім қабылдадық" - деді Қырғызстан президенті.
Жапаров сөзінің соңында мемлекеттің күші мен дамуы жиналатын салықтарға байланысты екенін еске салды.
"Жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыны арттыру, әлеуметтік нысандар салу, жолдарды асфальттау және басқа да жұмыстар жиналған салықтарға тәуелді. Біз салық төлемеу жазасыз қалатын нәрсе деген түсініктен арылуымыз керек. Біз үлгі тұтатын дамыған елдерде салық төлеу міндет саналады. Оларды төлемеу немесе салықтан жалтару үшін өте қатал жаза қарастырылған. Сондықтан бізде де салықтар міндетті болуы тиіс. Осы сәттен бастап салықты уақытылы төлеңіздер"- деп жазды ол.
Фото: 24.kg