Құрылтай

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Елімізде көлік салығын төлеу мерзімі қашан аяқталады?

Елімізде көлік салығын төлеу мерзімі қашан аяқталады?

Фото: unsplash.com

Елімізде автокөлігі бар жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу мерзімі жақындады.
Жеке тұлғалардың 2023 жылға көлік салығын төлеу мерзімі 2024 жылдың 1 сәуірінде аяқталады. 2023 жылғы салықты есептеу кезінде былтырғы 3 450 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылады.
– Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталындағы және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасындағы салық калькуляторының көмегімен дербес есептеуге болады. Бұл ретте есептік сальдоны анықтау үшін салық органдары жыл сайын жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты тиісті жылға есептейді, – делінген ресми ақпаратта.Есептелген сомалары туралы ақпарат наурызда «Каспий банкі» АҚ және «Халық банкі» АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарламалар түрінде жіберіледі. Сондай-ақ салық сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz web-порталдағы «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» сервисінде, сондай-ақ «Каспий банкі» АҚ және «Халық банкі» АҚ мен «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшаларында болады.
– Жеке тұлғалар салықтарды басқа жолдармен де: екінші деңгейдегі банк бөлімшелерінде қолма-қол ақша қаражаттарымен немесе төлем терминалдарында, банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталары арқылы төлей алады, – деп толықтырды комитет.
14 қаңтар 2024 ж. 410 0