№38 (8749) 14

14 мамыр 2024 ж.

№37 (8748) 11

11 мамыр 2024 ж.

№36 (8747) 7

07 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Садыр Жапаровты қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Садыр Жапаровты қарсы алды

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты Ақордада күтіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көрші ел Президентінің сапарына орай салтанатты рәсімдер залында Құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшысы мен мәртебелі мейманға рапорт берді.
Осыдан кейін Президент оркестрі екі елдің әнұранын орындады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Бұдан әрі мәртебелі мейман мен Қасым-Жомарт Тоқаев кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туына қарай жүрді.
Оның алдына келгенде Садыр Жапаров тоқтап, басын сәл иіп, ілтипатын білдірді.
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Ақордада
Салтанатты рәсімнен кейін Қазақстан мен Қырғызстан президенттері шағын құрамдағы кездесуге өтті.
Сапар аясында бүгін жоғары деңгейде екіжақты келіссөз жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, 18 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында күтіп алды.  
Астанада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады.  
Сондай-ақ, елордада Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың ресми сапары аясында Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қырғызстанның мемлекеттік наградаларын тапсыру рәсімі өтті.  
19 сәуір 2024 ж. 328 0