№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Ресейде 9 қазақстандық жантүршігерлік жол апатына ұшырап, оның екеуі мерт болды

Ресейде 9 қазақстандық жантүршігерлік жол апатына ұшырап, оның екеуі мерт болды

Тоғыз қазақстандық Ресейдің Самара облысында Самара-Үлкен Черниговка автожолының 101-шақырымында жол апатына ұшырады. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сенсек, жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат 5 қаңтар түнінде түскен. Апат салдарынан жеті қазақстандық жарақат алып, екеуі қаза тапты. Қайтыс болғандардың денелері Қазақстанға жеткізілді.
7 қаңтар таңертең жарақат алған жеті адам, оның ішінде екі бала санитарлық көлікпен Орал қаласындағы қалалық және облыстық көпсалалы ауруханаларға жеткізілді. Жарақат алғандарда мидың шайқалуы, аяқ-қолдың, жамбас сүйектерінің, омыртқаның сынуы, соғылу, гематома сияқты көптеген жарақат анықталған. Жағдайлары орташа ауыр деп бағаланып отыр.
Бұл операцияға облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен денсаулық сақтау басқармасының 23 қызметкері және 8 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ Орал қаласынан шекаралық өткелге дейінгі колоннаны алып жүру және қайтару үшін облыстық полиция департаментінің қызметкерлері тартылды.
08 қаңтар 2025 ж. 388 0