№1 (8815) 7

07 қаңтар 2025 ж.

№103 (8814) 31

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » МӘМС аясындағы ЭЭГ

МӘМС аясындағы ЭЭГ



Электроэнцефалография арқылы инсульт, ми ісігі, эпилепсия және басқа да ми қан айналымының бұзылуына күдік ерте анықталады. Бұл тексеру міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша сақтандырылған пациенттерге қолжетімді.

Қызылорда қаласының тұрғыны Зәбира Сайфуллаева көшеде өзін нашар сезініп, қолы мен сол жағының беті ұйып қалды. 65 жастағы әйелге жедел жәрдем шақырылып, алғашқы шұғыл медициналық көмек көрсетілді. «ALEXEY SULTAN-AKHMET» емханасында тіркелген пациент тексерулерге, сонымен бірге электроэнцефалографияға жіберілді.
Мидың электрлік белсенділігін зерттеудің бұләдісі эпилепсияда, менингитте, балалардың церебральды сал ауруында, басішілік гипертензияда, мидың тамырлы зақымдануында және т. б. ауруларда көрсетіледі.
«Дәрігер жүрегі жақсы, инсульт белгілері жоқ деді. ЭЭГ-дан өттім. Айта кету керек, бұл емханада диагностикалық тексерулердің барлық түрлері бар екен. МӘМС жүйесінің арқасында қымбат медициналық қызметтер бізге де қолжетімді», – дейді Зәбира Сайфуллаева.
Тексеру барысында пациентте дисциркуляторлық энцефалопатия анықталды. Бұлми қан айналымының созылмалы жеткіліксіздігі. Оның ауыр зардаптарының бірі – инсульт.
«ALEXEY SULTAN-AKHMET» ЖШС директорының орынбасары Қуанышбек Алмағамбетовтың айтуынша, ми қан айналымының бұзылуына күдіктенетін міндетті тексерулердің қатарында ЭЭГ бар.
«МӘМС жүйесі енгізілгенге дейін электроэнцефалография тек ақылы негізде жүргізілетін. Енді біз ЭЭГ-ға қан қысымы, бас ауруы, бас айналу кезінде дежібереміз. Бұл тексеру әдісі МӘМС жүйесіндегі барлық сақтандырылған азаматтарға қолжетімді», - деді Қуанышбек Нұрбергенұлы.
Жалпы, 2024 жылдың 11 айында Қызылорда облысында ТМККК және МӘМС аясында 8,6 миллиард теңгеге 2 миллионнан астам тар буынды мамандарының кеңесі мен диагностикалық тексерулер жүргізілді. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3 есе көп.
08 қаңтар 2025 ж. 54 0