№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қатерлі ісіктер ерте кезеңде анықталады

Қатерлі ісіктер ерте кезеңде анықталады


2024 жылы Арал ауданының тұрғындарына МРТ қызметтері қолжетімді болады. Уақтылы диагностика жасаудың арқасында аурулардың ерте сатысында анықталуы айтарлықтай өсті. Ауылда аурухана жағдайында консультациялық-диагностикалық қызметтер қалай көрсетіледі? Осы тақырыпқа Арал көпсалалы орталық аудандық ауруханасына тілшілердіңбаспасөз туры арналды.
2022 жылдың қаңтар айынан бастап аудандық ауруханада компьютерлік томограф алғашқы науқастарды қабылдай бастады. Бұрын КТ тексеруден өту үшін ауыл тұрғындары облыс орталығына баруға мәжбүр болған. Жол жақын емес, 446 шақырым, көлікпен шамамен 6 сағат жүру.
Бүгінгі таңда аудандық ауруханада КТ тексеруден 4 мыңға жуық адам өтті. Арал қаласының тұрғыны Злиха Шакиева шұғыл түрде түсті. 55 жастағы әйелдің миына тексеру жүргізілді.
«Басым айналады, жүрегім айнып тұр. Артериялық гипертензия бойынша диспансерлік есепте тұрмын, қан қысым 180-ге дейін көтеріледі. Жұмыс істеймін, МӘМС-те мәртебім «сақтандырылған», компьютерлік томографиядан тегін өттім. Ауыр сырқаттар жоқ деп үміттенемін», - дейді Злиха Шакиева.
Ауруханада КТ тәулік бойы жұмыс істейді. МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған шұғыл пациенттер де диагностикалық қызметтерді алады, деп атап өтті аудандық аурухана мамандары. Уақтылы тексерудің арқасында мидағы, өкпедегі, сүйектердегі ісік ерте  кезеңде анықталды.
«Мысалы, науқаста ми қан айналымының жедел бұзылуы бар. Бұл ишемиялық немесе геморрагиялық инсульт екенін анықтау маңызды. Инсульт кезіндегі компьютерлік томография қан кетуді (геморрагиялық инсульт) инфаркттан ажыратуға және дер кезінде дұрыс емдеуді бастауға мүмкіндік береді, бұл зақымдануды шектеуге және асқынулардың дамуын болдырмауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Арал көпсалалы орталық аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Гүлмира Кемалова.
Аурухананың тағы бір жаңа жабдығы - автоматты иммунохемилюминисцентті анализатор. Осы аппараттың көмегімен жүргізілген қанның иммунохимиялық талдауы жүректің, эндокриндік және басқа да әртүрлі ауруларын диагностикалаудың жоғары дәлдігін қамтамасыз етеді.
«Бұл жабдықта онкомаркерлерге, гормондарға, жұқпалы ауруларға және т.б. қан талдауын жүргіземіз. Егер бұрын талдаулар жеке клиникаларға жіберілсе және нәтижелер 3-5 күннен кейін ғана түссе, енді 1 күн ішінде осы анализатор арқылы ауруларды анықтаймыз», - деді зертхана меңгерушісі Нұрбек Сұлтанов.
2023 жылы ТМККК және МӘМС шеңберінде Арал көпсалалы орталық аудандық ауруханасына Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 6,5 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.
13 қазан 2023 ж. 153 0