№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қазақстандық балаларға Ұлттық қордан ақша қашан түседі

Қазақстандық балаларға Ұлттық қордан ақша қашан түседі



Қазақстандық балаларға Ұлттық қордан 1 ақпанға дейін ақша түседі. Дегенмен нақты сомасы әлі белгісіз. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржы министрлігінің және БЖЗҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы жылы толықтыру 2024 жылдың соңына дейін туылған барлық сәбилерді ескере отырып жүргізіледі.
"2007 жылы туылған адамдарға нысаналы жинақтарды нысаналы жинақтау шоттарына есептеу 2025 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей жүзеге асырылады. Олар 18 жасқа толғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуы мүмкін", - деп хабарлады БЖЗҚ баспасөз қызметі.
Өткен жылы алғашқы жарна 1 ақпанда да түскен болатын. Бұл кезде 6,9 миллионнан астам бала 100 доллардан алды. 2024 жылы бағдарламаға қатысушылардың шоттарына 695,5 миллион доллар есептелмек.
07 қаңтар 2025 ж. 393 0