№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балаға бөлінген ақшаға ата-ана ие бола ала ма?

Балаға бөлінген ақшаға ата-ана ие бола ала ма?


ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ОКҚ брифингінде «Ұлттық қор - балаларға» жобасы бойынша ата-аналар баланың болашақ қаражатын басқара ала ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды 
Egemen.kz.

Ведомство басшысы кәмелетке толған жас жігіт немесе бойжеткен қаражатты пайдаланып, оларды білім алуға немесе жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсай алатынын атап өтті.

«Ұлттық қордан жылына бір рет еліміздің барлық балаларының арнайы шоттарына инвестициялық табыстың 50%-ы түседі. Бұл баланың ғана меншігі болады», деп жауап берді ол.


Сондай-ақ министр балаларға арнайы шоттарды кім ашатынын да атап өтті.


«Бұның механизмі қазір тиісті мемлекеттік органдармен бірге талқылануда. Бірақ мен бала туылған кезде шоттар автоматты түрде ашылады деп айта аламын. Деректер базасында тиісті ақпарат бар», деді Әлібек Қуантыров.


ҚР ҰЭМ басшысының айтуынша, деректер тікелей Әділет министрлігінің деректер базасынан түседі.


«Бала туылған кезде, деректер Әділет министрлігінен шот ашатын уәкілетті операторға түседі. Қазір бұл қаражатқа салық салына ма, жоқ па әзірге белгісіз. Бұл мәселе талқылануда», деді министр.
09 қыркүйек 2022 ж. 265 0