№1 (8815) 7

07 қаңтар 2025 ж.

№103 (8814) 31

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Министрлік: Қазақстанда 30 адамнан метапневмовирус анықталды

Министрлік: Қазақстанда 30 адамнан метапневмовирус анықталды

Қазақстанда 2024 жылдың 1 қазанынан бері 30 адамнан метапневмовирус анықталды деп хабарлады
5 қаңтарда денсаулық сақтау министрлігі. Ведомствоның айтуынша, бұл әлемнің көптеген елінде "ондаған жылдар бойы таралған классикалық вирустардың бірі".
"Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, эпидемиялық маусымның басында (1 қазанынан бері – мин.) республика бойынша тұмауға жатпайтын вирустарға 8 360 үлгі зерттелген. Оның ішінде оң 1866 (22%), оның ішінде паратұмау – 178 (9,5%), РС вирусы – 433 (23,2%), метапневмовирус – 30 (1,6%), риновирус – 680 (36,4%), бокавирус – 113 (6,1%), аденовирус – 226 (12,1%), коронавирус – 206 (11,1%)" деп жазылған министрлік хабарламасында.
Ведомствоның айтуынша, метапневмовирус негізінен ауа арқылы тарайды. Аурудың негізгі белгілері – жөтел, тұмау, ентігу, дене қызуы, бас ауруы.
Жедел респираторлық вирустық инфекция (ОРВИ) мен тұмаудың маусымға сай өршіп жатқанын алға тартқан министрліктің мәліметінше, 1 қазаннан бастап елде 2 миллионнан астам адам жедел респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққан.
Кейінгі күндері кейбір басылымдар Қытайда "метапневмовирусы өршігені" жөнінде жазған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау министрлігі әзірге реакция білдірген жоқ.
06 қаңтар 2025 ж. 67 0