№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қызылордада интернет-банкинг арқылы ақша аударған ұры қалай ұсталды?

Қызылордада интернет-банкинг арқылы ақша аударған ұры қалай ұсталды?

23 қаңтар күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 24 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны арызданды.

Арызданушы 22 қаңтар күні кешкілік уақытта белгісіз ер азамат компьютерлік ойын клубының ішінде ұялы телефонын қоңырау шалу үшін сұрап алып, интернет-банкинг арқылы шоттағы 20 мың теңге ақшасын аударып алған.     
Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 1998 жылы туған жұмыссыз қала тұрғыны ұсталды.    
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. 
Осы орайда, Қызылорда қаласының Полиция басқармасы алаяқтардың құрбаны болмас үшін азаматтардан қырағылық пен мұқияттылықты сақтауды сұрайды.
25 қаңтар 2021 ж. 2 032 0