Аудан әкімі Мажит Самитов ауданда инклюзивті ортаны дамыту мәселелерін талқылады
Аудан әкімі Мажит Самитов ауданда инклюзивті ортаны дамыту мәселелері бойынша ерекше қажеттілігі бар тұрғындармен кездесіп, олардың ұсыныс пікірлерін тыңдады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мүмкіндігі шектеулі адамдарға ерекше назар аударуды, олар үшін тең мүмкіндіктер жасауды тапсырған болатын. Бұл бағытта Жаңақорған ауданында тиісті шаралар қабылдануда. Кездесу барысында аудан басшысы бұл жұмыстарды айтып өтті.
Осы салада көтерілген өзекті мәселенің бірі - инватакси қызметі еді. Бұл мәселе шешімін тапты. Мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау үшін арнайы құрылғымен және кресло-арбаларды бекітуге арналған құралдармен жабдықталған автокөлік қамтамасыз етілді.
Ерекше қажеттілігі бар тұлғаларды реабилитациялау мен оңалту және оларға кедергісіз орта қалыптастыру жұмыстары кезең кезеңімен өз жалғасын табатын болады.