Құрылыс – елдің сәулеті мен дәулеті

Сол секілді медицина саласына да аз көңіл бөлініп жатқан жоқ. Әр ауылда амбулаториялар мен пунктер бар. Тіпті жақын күндері Төменарық ауылдық округінде 15 орындық аурухана іске қосылды. Өзіндік статусы бар аурухананың көршілес ауылдардың тұрғындарын қамтуға толық мүмкіндігі бар. Оқушылар үйі, руханият орталығы, зәулім мешіттер мен кәсіпкерлік нысандар, сауда үйлері және спорт кешендері ауданның ажарын кіргізіп, жұртшылыққа қызмет етіп келеді. Айта кететіні, баспана мәселесін шешіп, тұрғын үйлер салынуда. Бұл да тәуелсіздіктің бізге берген сыйы.
Нятіллә Қарақожаев, еңбек ардагері