№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Болашақ баспалдағы білімнен басталады

Болашақ баспалдағы білімнен басталады



Соңғы жылдары Сыр өңірінде салыстырмалы түрде таразыласақ білім саласы мен медицинаға салынған инвестиция көлемі екі есе өсіп, балалардың білімі мен халық денсаулығын жақсартуда атқарылып жатқан жұмыстар өте ауқымды. Оның ішінде, барлық білімнің бастауы болған мектептер мен тәрбие тәлімін түзейтін балабақшалардың бәсекесі жоғары. Облыс әкімі тек білімге жұмсалатын қаржы 245 млрд-қа жеткенін айтты. Әрине, бұл өте үлкен қаржы. Жаңақорған ауданында балабақша мен білім беру ұйымдары толық шешіліп, барлық жағдай жасалынуда.
Бүгінде ауданда жеке және мемлекеттік балабақшалар бүлдіршіндерді толықтай қамтамасыз ете алады. Одан бөлек, 43 мемлекеттік, 7 жеке мектеп бар, Тағы бір қуантарлығы тағы 3 мектептің құрылысы жүргізілуде. Соның екеуі “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім ордасы. Оның бірі Жаңарық ауылында болса, екіншісі, кент орталығында.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына аса мән беріп, әрбір Жолдауында ағарту бағытында нақты бағдарламалар міндеттейді. Соның біріегейі Президенттің сайлауалды бағдарламасындағы осы “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы. Жоба аясында 2026 жылға дейін 740 мың оқушыға 369 жаңа форматтағы мектеп салынады. Соның 21 мектебі біздің аймаққа тиесілі, олардың құны 100 млрд теңгеге жақын.
Ал, аудан орталығындағы 600 орындық мектептің іргетасы құйылып, кірпіші қаланып басталғанына бірнеше күн болды. “Аман-Құрылыс” ЖШС жауапкершілігіне алған білім ордасы сапалы салынады деген үмітіміз бар. Өйткені, бұл мектептер аймақ басшысының тікелей бақылауында болады. Сондай-ақ, “AMANAT” партиясының жол картасы аясында атқарылып жатқан жұмыс болғандықтан сапалы әрі уақытылы аяқталады деп күтілуде. Сондықтан, партия және мониторингтік топтардың да жіті бақылауында. Қалғанын уақыт еншісіне қалдырайық...
Ақмарал Маликова
Аудандық мәслихат депутаты
22 қараша 2023 ж. 228 0