№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Келешек" қашан іске қосылады.?

"Келешек" қашан іске қосылады.?

Мемлекет 2025 жылдың наурыз айынан бастап баланың ЖОО оқуына алғашқы капитал ретінде 235 теңге береді. Ғылым және жоғары білім министрлігі "Ашық НҚА” порталында адамның ЖОО-да оқуына бастапқы капитал берудің ережелерін жариялады. 

Бұйрықта ереже келесі жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енуі тиіс деп атап өтілді.
Енді баланың оқуына жинақтау депозитіне немесе білім беру сақтандыру шарты бойынша есептік сомаға бюджеттен біржолғы төлем аударылады.
Бастапқы төлем – 60 АЕК (235 920 теңге), бұл көптеген отбасылар үшін айтарлықтай қолдау көрсетеді. Жетім мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін бұл сома 120 АЕК-ке (471 840 теңге) ұлғайтылды.
Капитал 5 жасқа толған инвестор немесе бенефициарлардың шотына есептеледі. 

Процесс қалай жүзеге асады:
  • Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органдар төлемдерге өтініш берушілер туралы ақпаратты жібереді;
  • Банктер мен сақтандыру компаниялары қолданыстағы келісімшарттар туралы мәліметтерді ұсынады;
  • Білім беру жинақтау жүйесінің операторы ақпаратты өңдейді және шоттарға қаражат аударады.
Есептеу жылына екі рет болады:
31 тамызға дейін – бес жасқа толған балаларға;
Келесі жылдың 28 ақпанына дейін – 5-ке енді толып болғандарға.
Ата-аналар жылдық жарна салып отыруы керек. Көпбалалы отбасы балалары 12 АЕК, ал қалғандары 24 АЕК төлейді.
Бала грантқа түссе, жинақ салымдарын тек оқуға ғана емес, тұрғын үй қажеттіліктеріне де пайдалануға болады:
  • тұрғын үй немесе жер сатып алу;
  • бастапқы жарна және ипотекалық несиені өтеу;
  • жеке үйді жөндеу немесе салу;
  • сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді төлеу.
Мемлекеттік білім гранты бойынша оқитын балалар үшін қаражатқа қолжетімділік оқуды аяқтағаннан кейін ашылады. Шетелге құжат тапсырған кезде қаражатты пайдалануға болады.
Егер жылдық алым төленбесе, салымшы азаматтығынан айырылса, шарт мақсатын бұзса, бастапқы капитал бюджетке қайтарылады. Инвестор төтенше жағдайға тап болса немесе карантиндік шараларға байланысты табысынан айырылса, онда қайтару міндеттелмейді.
04 желтоқсан 2024 ж. 45 0