№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Менингококк инфекциясы – бактерия тудыратын, жіті инфекциялық ауру

Менингококк инфекциясы – бактерия тудыратын, жіті инфекциялық ауру


Науқас адамдар инфекция көзі ретінде айналасындағыларға қауіп төндіреді және жөтелгенде, түшкіргенде сыртқы ортаға қоздырғышты белсенді түрде бөледі.

Аурудың инкубациялық кезеңі орташа есеппен 2-4 күн. Менингоккты менингит жұқпалы ауруы кенеттен басталады, бас ауруы, құсу, денеде жұлдызша секілді бөртпелердің пайда болуы, дене қызуының 39-40°С дейін көтерілуі, дененің қалтырауы негізігі белгілері болып табылады. Науқастың тері қабаты бозарып, жалпы әлсіздік, денесінде және аяқ-қолдарында ауырсыну байқалады. Ауру симптомсыз бактерия тасымалдаушылықпен және жіті менингококк назофарингиті түрінде,  әлсіз көрінетін интоксикация және ринофарингит белгілерімен өтуі де мүмкін, клиникалық белгілері бойынша ЖРВИ-ға  ұқсайды.
Менингит диагнозы мұрын-жұтқыншақтың сілекейлі қабығынан бактериологиялық зерттеуде оң нәтиже шыққанда қойылады.  Менингит өкінішке орай асқынған  генерализацияланған түрінде менингит және менигококцемия (менингококкты сепсис) түрінде өтуі мүмкін.
Менингококты инфекцияда мынандай асқынулар болы мүмкін:
- инфекциялық – токсикалық шок;
- жедел бүйрек үсті безі жетіспеушілігі;
- жедел бүйрек жетіспеушілігі;
- мидың ісінуі;
- екіншілік инфекцияның қосылуы.
Менингиттің алдын алу:
- қажеттілік болмаса, адамдар көп жиналатын орындарға, сауда-ойын сауық кешендеріне, нашар желдетілетін үй-жайларда өткізілетін мәдени іс-шараларға баруды шектеу, бетперде кию қажет;
- суық тию ауруларының белгілері  (жөтелу, мұрынның бітелуі, түшкіру көздің жасаурауы және басқалар) бар айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасамау керек;
- салқын тигізбеу және  мезгілге сәйкес киіну қажет;
- жұқтыруды болдырмау үшін қолды мұқият жуу өте маңызды. Балаларға жиі қол жууды, әсіресе тамақ ішер алдында, қоғамдық орындарда болғаннан кейін, сондай-ақ жануарларды ұстағаннан кейін қол жууды үйрету керек;
- әр адам өз денсаулығын күтіп, қалыпты демалып, тұрақты спортпен шұғылданып және дұрыс тамақтанып, иммундық жүйені нығайту керек;
- науқас адамдармен қарым-қатынаста болған адамдар медицина қызметкерлерінің бақылауымен профилактикалық мақсатта антибиотиктерді қабылдау бойынша дәрігердің нұсқауын орындауы керек.
Менингит ауруы өте қауіпті, әсіресе балалар үшін! Дәрігерге дер кезінде қаралып, уақытылы ем қабылдаған жөн.

Ж. Шайхысламов,
аудандық СЭББ-сы бөлім басшысы
26 қараша 2024 ж. 138 0