№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Математика және физика сабақтарындағы нәтижеге бағытталған оқу

Математика және физика сабақтарындағы нәтижеге бағытталған оқу



Семинардың негізгі мақсаты: Пән бойынша оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау, оқытудың тиімді әдістерін табу, аудан педагогтарының өзара тәжірибе алмасуына ықпал ету. Семинар барысында директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Б.Әбжанов соңғы 5 жылдағы мектеп бітірушілерінің ҰБТ бойынша жетістіктері туралы таныстырылым жасап, оқушылардың ҰБТ-ке дайындығы жайлы айтты.
Мектеп педагог-психологы Ә.Жамалханова “Мұғалім мектеп жүрегі, көңілді жүрсін үнемі” тақырыбында тренинг өткізіп, семинарға қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Семинарға қатысушылар 2 топқа бөлініп 6-сынып оқушыларына “Жақшаларды ашу” тақырыбында математика пәнінен Ә.Әбілғазиевтің, 8-сынып оқушыларына “Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу” тақырыбында геометрия пәнінен Г.Жақсыбекованың, 7-сынып оқушыларына “Деформация. Серпімділік күші” тақырыбында, 9-сынып оқушыларына “Дененің салмағы. Салмақсыздық” тақырыбында физика пәнінен С.Көшкінбаеваның өткізген сабақтарына қатысты. Осы үш мұғалімнің ұйымдастырумен “Математика және физика пәндері бойынша PISA есептерін шығару жолдары” тақырыбында шеберлік сынып өткізіліп, есептерді шығару жолдары талқыланды. Қорытынды кезеңінде үсыныс, пікірлер алаңында семинарға қатысушылар өткізілген сабақтар бойынша ұсыныстарын, ой-пікірлерін ортаға салды.
17 желтоқсан 2023 ж. 257 0