Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МӘМС бойынша емделуге квота

МӘМС бойынша емделуге квота


Ұлттық ғылыми медициналық орталығының мамандары көшпелі тегін кеңестерін өткізді. МӘМС аясында Қызылорда облысының тұрғындары елордалық медициналық орталыққа емделуге жіберілді.

Бақтыгүл Нағашыбаева жоғары қан қысымы және жүрек қақпақшаларының жеткіліксіздігі диагноздармен дәрігерлерге жүгінген. Кардиохирургтың кеңесінен кейін 72 жастағы қария ана елордалық медициналық орталыққа емделуге жолдама алды.
«Кардиохирургтың қабылдауында маған Астанада тегін ота жасауға жолдама берілді. Бәрі жақсы болады деп үміттенемін. Осындай мүмкіндік үшін дәрігерлерге алғысымды айтамын» - деді Бақтыгүл апай.
Облыстық диагностикалық орталықта пациенттердікардиохирург, аритмолог, кардиолог, функционалдық диагностика дәрігерлеріжәне нейрохирург қабылдады. МӘМС аясында 20-ға жуық қызылордалықтарға емханаға жатқызылуына жолдама берілді.
«Біздің медициналық орталықта түрлі оталаржүргізілуде. Мысалы, коронарлық артерияны шунттау отаның құны 3млн. теңгені құрайды. МӘМС аясында біз оны тегін жасаймыз. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тұрғылықты жеріне қарамастан ірі республикалықмедициналық орталықтарда жоғары мамандандырылған медициналық көмек алуға мүмкіндік берді», - деп атап өтті «Ұлттық ғылыми медициналықорталық» АҚ кардиохирургіӘлімжан Елжасов.
Екі
күн ішінде елордалық дәрігерлержүзге жуыққызылордалықтарға кеңес берді. Олареліміздің солтүстік жәнебатыс өңірлерінде, сондай-ақ Алматы қаласында болды.
21 қараша 2024 ж. 115 0