№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Медициналық тексерулер МӘМС аясында қолжетімді

Медициналық тексерулер МӘМС аясында қолжетімді


Ең жақсы емдеу – аурудың алдын алу. Медициналық тексеруден өту арқылы ауру қаупінің алдын алуға болады. Бұл әсіресе жас ұрпақ үшін өте маңызды. Балалар туғаннан бастап кәмелетке толғанға дейін жыл сайын профилактикалық тексеруден өтеді.

Қызылорда тұрғыны Мөлдір Дәндібаева 6 баланың анасы, «Күміс алқа» алқасының иегері. Оқу жылы қарсаңында кенже ұлы Санжармен бірге емханаға келді. Бірінші сынып оқушысы мектепке қабылдану үшін профилактикалық тексеруден өтуі керек. Сонымен қатар, көп балалы ана диспансерлік есепке тұру үшін скринингтен және медициналық тексеруден өтті.
«Кенже ұлыммен келдім, ол медициналық тексеруден өтті, хирургтың кеңесін алдық. Емхана бізге әрдайым көмек көрсетеді. Балаларға сүт, дәрі-дәрмектердітегін алдым. Қазір жоғары қан қысымына байланыстытәуліктікқан қысымы және ЭКГ мониторингін Холтер арқылыөтіп жатырмын. Одан бөлек күндізгі стационарда емделуге дайындалып жатырмын. Мұның бәрі медициналық сақтандыру аясында тегін», – дейді Мөлдір Дәндібаева.
Халықтың нысаналы топтарыныңпрофилактикалық медициналық тексерулері - бұл аурулардыерте сатысында, қауіп факторларын анықтауға, халықтың денсаулығын қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған скринингтік тексерулер.
Медициналық тексерулер МӘМС жүйесінен қаржыландырылады, сондықтан «сақтандырылған» мәртебесі болуы қажет. Бұл ретте мемлекет 15 жеңілдікті санатқа жататын азаматтар үшін жарналарды төлейді.
«18 жасқа дейінгі балалар жеңілдік санатына жатады. Сондықтан МӘМС пакетіндегі медициналық көмек балаларға толық көлемде қолжетімді. Хирург ретінде денсаулық сақтау саласын дамыту үшін МӘМС жүйесінің маңыздылығын атап өткім келеді. Медициналық сақтандыру - бұл болашаққа арналған инвестиция, еңқұнды – денсаулыққа. Қаржыландырусыз өсу де жоқ. Сондықтан медициналық сақтандыру - бұл одан әрі дамуға ынталандыру», - деп атап өтті «Q-MED» емханасының хирургі Айдос Жидебаев.
2024 жылдың басынан бері Қызылорда облысында 351 291 профилактикалық тексеру жүргізілді. Осы мақсаттарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы 1 млрд 307,85 мың теңге бөлді. 2024 жылы медициналық тексеруге 4 млрд 286 мың теңге қарастырылған.
МӘМС
жүйесі туралы толықақпаратпен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының msqory.kz ресми сайтында таныса аласыз.
05 қыркүйек 2024 ж. 316 0