№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Миға қан құйылудың алдын алды: 54 жастағы науқасқа МӘМС есебінен ми тамырына микроспираль орнатылды

Миға қан құйылудың алдын алды: 54 жастағы науқасқа МӘМС есебінен ми тамырына микроспираль орнатылды



Белгілі қазақстандық нейрохирург, ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханысының директорының орынбасары, жерлесіміз Мыңжылқы Бердіходжаев Қызылорда қаласының көпсалалы облыстық ауруханасында шеберлік сабақтарын өткізеді. Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында дәрігерлер ми тамырларына күрделі оталар жасады.
Рентген - эндоваскулярлық хирургия бөлімшесінің операциялық үстелінде бұрын инсульт алған науқас. Бір айдан кейін ми тамырларының аневризмасы бар 54 жастағы ер адам көпсалалы облыстық ауруханаға қайта түсті. Бұл қауіпті жағдай, дейді дәрігерлер. Аневризманың қабырғасы жарылып, миға қан төгілу қаупі бар.
Науқас аман қалды. Ісінген тамырдың, аневризманың қуысына микроспираль орнатылды. Ота кезінде науқас ояу болды. Жергілікті анестезиямен санының артериясы арқылы катетер енгізілді, сонымен ми тамырына микроспираль жеткізіледі.
«Алтын сағат» ережесі бар. 8-10 сағат ішінде науқастың өмірін сақтап қалуға, ми бөліктерінің қайтымсыз зақымдануын болдырмауға болады. Бірақ, өкінішке орай, пациенттер көп жағдайда бір күннен кейін келеді. Ал алғашқы белгілер кезінде КТ, МРТ, ангиографияға тексеруден өту керек. Олар МӘМС аясында сақтандырылған пациенттерге тегін»,- дейді көпсалалы облыстық аурухананың нейрохирург-дәрігері Қанат Нәбдинов.
Жалпы бұл күні дәрігерлер бас миының әртүрлі патологиялары, оның ішінде ісіктері бар 8 науқасқа ота жасады. Бұл медициналық қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қолжетімді.
«Мұндай оталарды шұғыл жағдайларда да, жоспарлы түрде де тегін жүргіземіз. Ми тамырларына оталардың құны Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатынан шамамен 6 млн. теңгені құрайды.Бұған стенттердің құны, хирургтардың, жабдықтардың жұмысы кіреді. Мысалы, көрші елдерде мұндай ота 15 мың доллар тұрады», - дейді жоғары санатты нейрохирург, ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының директорының хирургия жөніндегі орынбасары Мыңжылқы Бердіходжаев.
2023 жылы Қызылорда облысында жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету бойынша 97 ота жасалды. Осы мақсатқа Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 628,5 млн. теңге бөлінді. Биыл жалпы сомасы 668 млн. теңгеге 98 ота жүргізу жоспарлануда.
08 сәуір 2024 ж. 372 0