Әбдіғаппар ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысы партия назарында
«AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы Арман Әбілпейсұлы Партияның Сайлауалды бағдарламасына енгізілген Әбдіғаппар елді мекеніндегі дәрігерлік амбулатория құрылысы барысымен танысты.
2024 жылдың маусым айында бастау алған дәрігерлік амбулатория құрылысын Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысымен «Бақ-Береке 2030» ЖШС - і жүргізуде. Жоба құны - 324,132 млн. теңге.
Дәрігерлік амбулатория 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Анықтама: Дәрігерлік амбулатория ғимараты 45 келушіге арналған. Ғимарат құрамы - Негізгі ғимараты, модульді жылу қазандығы, КТПН, ДЭС, қоқыс төгетін орын, септик 10м3, келушілерге арналған алаң, автортұрақ қаралған.
Ғимарат медициналық, кеңсе, компьютер жабдықтар қаралған.
Ғимараттың іргетасы монолитті, қабырғасы-кірпіш, төбе жабыны монолитті, төбе шатыры-металлочерепица, сыртқы қабырғасы (қасбет)-декоративті штукатурка, терезе-металлопластик, едені-керамикалық тақтайша, линолеум, паркет, есік-темір, ағаш, қабырғасы және қарсысы (потолок)-штукатурка және водоэмульсия, армстронг.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 90% - ға аяқталып тұр.
Аудандық партия филиалының төрағасы А.Әбілпейсұлы мектеп құрылысы жұмыстарын жүргізіп отырған «Бақ-Береке 2030» ЖШС-нің жауапты өкіліне құрылыс жұмыстары сапалы және уақытылы тапсырылу керектігін айтып өтті.