Соңғы жаңалықтар

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 49

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Атыраулық оқушылардың жобасы әлемнің ең үздік 100 инновациясының қатарына енді

Атыраулық оқушылардың жобасы әлемнің ең үздік 100 инновациясының қатарына енді

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
«Көзілдірік RikaAI жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді. Бұл — саусақпен басу арқылы іске қосылатын интуитивті бағдарлама. Ол қолданушыға құлаққап арқылы дауыстық командалар береді және сол арқылы құрылғымен өзара әрекеттесуге мүмкіндігі туындайды. Біз материал жасау үшін 3D принтерді қолдандық, ал камера, құлаққаптар мен микрофонды арнайы тапсырыс бойынша алдық», — дейді жоба авторларының бірі Хайдар Атагулла.
Көзілдіріктер төрт негізгі функцияны атқарады. Біріншіден, олар ChatGPT немесе Wikipedia сияқты қойылған сұрақтарға жауап береді. Екіншіден, мәтінді сканерлеп, дыбыстап оқиды. Үшіншіден, көзілдірік қозғалыс кезінде кедергілер туралы ескертіп отырады, бұл көру қабілеті нашар адамдарда құлау мен жарақаттанудың алдын алуға көмектеседі. Төртіншіден, көзілдіріктер бөлмеде болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат беріп, сипаттай алады.
Министрлік жас ғалымдардың жетістіктерін мақтаныш етеді және олардың білім мен ғылым саласындағы инновациялық технологияларды дамытуға бағытталған талпыныстарына жан-жақты қолдау білдіреді.
13 қараша 2024 ж. 95 0