WhatsApp-қа балама тапқан атыраулық оқушы
Атыраулық 11-сынып оқушысы Эльдар Құрмашев KazMessage мобильді қосымшасын іске қосты. WhatsApp мессенджерінің баламасы саналатын бұл бағдарлама смартфондарға арналған Android операциялық жүйесінде қолданылады.
ХАА-ның мәліметінше оқушы Атырау қаласындағы Ә.Жангелдин орта мектебінің 11 сыныбында оқиды. Өзі ойлап тапқан KazMessage қосымшасын жақында Playmarket-ке орналастырған. Оны он күннің ішінде 120 адам ұялы телефонына жүктеп алған.
BAQ.KZ
Фото: дереккөз
ХАА-ның мәліметінше оқушы Атырау қаласындағы Ә.Жангелдин орта мектебінің 11 сыныбында оқиды. Өзі ойлап тапқан KazMessage қосымшасын жақында Playmarket-ке орналастырған. Оны он күннің ішінде 120 адам ұялы телефонына жүктеп алған.
KazMessage 55 тілде қолдануға болады. Түнгі режимі де бар. Басқа бағдарламалардан бір ерекшелігі - телефонды жоғалтып алсаңыз, арнайы белгіленген 30 сан арқылы қосымшаны басқа құрылғыға жүктеп, контактілердің смс-хаттары мен сурет, видеоларын жүктеп алуға болады. Әр адаммен байланысуға бөлек әуен қою мүмкіндігі бар. Бір топқа 250 адамды тіркей аласыз. Алдағы уақытта аталған қосымшаны барлық қазақстандық пайдаланса деймін. Сондай-ақ, білікті ІТ мамандарының көм егі болса, қосымшаны одан әрі дамытып, басқа да қолданыс аясын кеңейтер едім. Қазіргі уақытта бұл жұмысымды информатика пәнінен ғылыми жобада тереңірек зерттеуді жоспарладым, - дейді Елдар Құрмашев.Сонымен бірге, ол жаңа қосымшаны App Store, Windows бағдарламаларына қолдану нұсқасын іздестіруде. Бірақ, осы жоба арқылы пайда табуды көздемеген.
Менің мақсатым – қазақстандық бренд қалыптастыру. Қазақ жастарының осындай жаңашыл бағдарламаларды ойлап таба алатынын дәлелдегім келеді. Болашақта қосымшаның арнайы сайтын ашқым келеді. Осыған орай жаңа қосымшаның авторлық құқығын алуды ойластырып жүрмін - дейді ол.Оның айтуынша, бесінші сыныптан бері ІТ саласына қызығады. Бастапқыда бұзылған компьютер құрылғыларын жөндеген. Кейін интернет-дүкендер ашқан.
BAQ.KZ
Фото: дереккөз